Мен кіммін?! (тест)
блог
Бұл психологиялық тестті өткен соң өзіңіз жайлы біраз ақпаратқа қанық боласыздар. Ал ендеше бар болғаны 3 сұраққа тез әрі жедел түрде неге жауап бермеске?! Жауаптарыңызды бірден параққа жазып отырыңыз. Қызықтар сізді алда күтіп тұр!
-
Сүйікті түсіңізді атаңыз және оның жанына түсіңізді сипаттайтын 3 сын есім жазыңыз. Ол қандай? Не себепті сізге ұнайды?
-
Келесі сұрақ. Сүйікті үй жануарыңызды атаңыз. Оған тән ерекшеліктерді және не үшін оны таңдағаныңызды айтыңыз(3 ерекшелік).
-
Сіз аппақ бөлмеде ояндым деп есептеңіз. Ол жерде терезе де есіктің де жоғын байқадыңыз. Бұдан кейін санаңызға келген ойларды жазып алыңыз.
-
Ал енді тесттің жауаптарына назар салайық. Ең бірінші сұрақтың жауабына жазылған 3 сын есім сіздің “мінсіз меніңіз”. Айналаңыздағыларға қандай болып көрінгіңіз келетінін осы сөздерден байқауға болады.
-
Достарыңыз бен жақындарыңыз сіздің бойыңыздан осы 3 ерекшелікті байқайды.
-
Сіз ақ бөлмені көргеніңіздегі санаңызға келген алғашқы ойлар сіздің өлім туралы пайымдауларыңыз.