Сәлем "Массагет" ауылының тұрғындары!(Ауыл дегенім сәл ұяттау болар,қала дәрежесіне де жетуімізге аз қалыпты ғой). Жалпы жағдайларыңызды жақсы деп үміттенемін.Мен де жақсымын.Бүгін бір турлі сіздерден ұялып отырмын.Сабақ кезінде мектептен үйге келіп бірден компымды ақтарып дееереу "Массагетке" бір көз жүгіртіп шығатынмын.Не жаңалық бар екен деп...Соңғы жазбамды 25-сәуір жазыппын. Міне,сұмдық!!!Сонда бір ай,ОН ТӨРТ күн қалай сіздермен сыр бөліспей жүргенмін,таң қалып отырмын.Енді жазбамды үүүзбей жазып отырам,сіздер баға беріп,қателерін түзеп отырсаңыздар болды.)))
Жүрегімді қолыма алып дайындалған ҰБТ-ны тапсырып иығымнан ауыр жүк түскендей бір рахаттанып қалдым.Бір жыл бойы үрей мен үміттің арасында жүрген жас түлектер үшін бұл жолғы тест оңай болмағаны сөзсіз!Мен де аздап қиналдым.Бір қызығы тестке кіргенде "мен міндетті түрде өтемін!" деген сенім болды.Бір жағынан,"Массагеттіктер" сіздерге көөөп рахмет.Мамандық туралы жазған жазбамда маған пікірлеріңізбен ерекше батылдылықты сыйладыңыздар.Қызыл парақшаны бояп отырғанымда Алаш қызының "Алла ақ жол берсін! Сенен үлкеееен журналист шығады деп сенемін! Адалдықтың ақ туын биік ұстап, шындық деп шырылдап өтер шыншыл журналистер қатарынан көріне бер!" деген сөздері еріксіз ойыма келді.(Кейбіреулеріңіз сенбейтін боларсыздар.Тестке кіргенде өлім мен өмірдің ортасында отырғандай болады.Бұл қыздың ойына бір сайт,бір пікір қайдан кірсін деп...бірақ,бұл-шындық!) Эээхх,солааай...Сөйтіп тесттен де аман есен өттік.Енді алдағы шығармашылық емтиханға дайындықты бастадым.Сәттілік тілеңіздер,бәлкім тағы "Массагет" деп одан да өтіп кетермін...