Мен келдім:)
блог
Массагетте соңғы жазбам 19-ақпанда болса да, мен осындамын. Жиі кіріп тұрамын, эстафета таяқшалары маған тиіп қалған шығар деп:)
Әдеттегідей жаңалықтарым көп: ауырып қалдым, бірақ уже тұмаудың соңғы стадиясы:) , Блогкэмпке билет алып қойдық, ресми қуана беруге болады. Айтпақшы сол кездері Астанада той да болады, сондықтан бір визитпен екі қоянды атпақшымын)
"Екпінді" көбіңіз қарап та жүрген боларсыздар, бұл күндері ол көптеген қызықты да пайдалы жазбаларға толықты. Сондай-ақ алдыңғы аптада туыссапармен Қызылордаға да барып үлгердім) Кішкентай іні-сіңлілеріммен, мысықпен әбден ойнап-ойнап позитив алып алдым. Алайда бүкіл ойым "екпІн"де болды. Дегенмен тұңғышымыз ғой. Сол Қызылордада тұратын ағам мен інімді бір фоторепортаждан көре аласыздар)
Одан кейін алғашқы баспасөз маслихатымыз (Анараға рахмет келгеніне):), джаззистан, Аюхановтың балеті - бәрі де өз бетінше бөлек бір әңгімені талап етеді. Мүмкін келер күндері жасайтын да шығармын солай.
Осы аптада күн сайын жазбалар жарияланыпты:) Әлияның Гоаға саяхаты жарияланды. Ақын Олжас Қасыммен сұхбатым шықты. 2011-дің күзінде жасалынған алғашқы сұхбаттарымның бірі болатын. Сондықтан сындарыңызды күтемін:)
Жалпы осы. Бүгін Almaty Garage Sale болады дейді ғой. Мүмкін сонда барармын. Келіңіздер, кездесіп қалайық:)
Туиттерде бақылаңыздар https://twitter.com/#!/Karybaeva
Фэйсбукте дос болайық http://www.facebook.com/aizhankerbez