Мен – қазақтың қызымым! Өршіл рухты қазақ ұлтының ұрпағымын.
блог
Маған негізі эстафета таяқшасын ешкім ұсынбаған еді… Осындағы сауалнама-жазбаларды оқып, мен де қызығып кеттім. )) Мектепте өткен қызықты да, көңілді күндердер есіме түсті...
Біз 5-6 сыныптарда оқып жүргенде, анкета деген пайда болды. Бір-бірімізге анкетамызды толтыруға беріп, ертеңіне оны алып, содан басқаларға ұсынып жүруші едік... Шіркін, бақытты балалық шақ, балдәурен кез… Сонымен бастайын...
1. Өзім жайлы қысқаша мәлімет. Туып-өскен жерім – Ақмола облысы, Ерейментау өңірі. 2001 жылы мектеп түлегі атанып, арман қуып Астанаға келдім. Биыл Астанада тұрғаныма 11 жыл болды.Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ — де «саясаттану» мамандығы бойынша білім алдым. Студент болған кезімде «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінің редакцияларында штаттан тыс тілші болып қызмет атқардым. Қазір Білім саласында жұмыс істеймін, бірақ мұғалім емеспін. Мен туралы мәліметті осы жерден де оқуға болады: http://www.on.kz/u26945/blogpost/34730/
— Аты-жөнім: Нығметова Әсел Амантайқызы. Ғаламтор желісінде лақап атым — Аселек. Төлқұжаттағы есімім - Әсел болғанымен, достарым және әріптестерім - Аселек деп еркелетіп кетті… кейде Аселек — Василек деп те айтады. Ал әкем болса, ерекше ат койып алган, Әскенжан деп атайды.
— Мінезім салмақты, қарапайым, адамдармен тез тіл табысып кетемін, өзімді жуас деп санамаймын. Әрбір ортада өзімді біркелкі ұстаймын. Маска киюден аулақпын.Табиғи мінез, былай айтқанда. Ақкөңілмін, мақтаншақ емеспін. Кейде қырсықтығым бар, өз істегенімді істеймін. Жаман әдеттерден аулақпын,өмірімде арақ, темекі дегенді аузыма алып көрген пенде емеспін.
— Отбасымызда жетеуміз: Бүкіл өмірін балаларына арнап, ардақты ана бола білген, немерелерінің сүйікті Әжесі болып отырған асыл Анам, суыққа бір шалдырмай мәпелеген, еңбексүйгіштікке үйреткен, жамандықтан сақтандырып, пана болған, балаларын қатарынан қалдырмай, қаз тұрғызған қамқор Әкем, бауырыңның бәріне көмектесіп, бәрі үшін жаны ауыратын жалғыз үлкен ағам, үлгі берер 3 әпкелерім бар. Мен болсам, үйдің кенжесімін.
2. Хоббиің не? 6 сыныптан, яғни 1996 жылдан бастап, қойын дәптеріме сыр бөлісетін болдым. Қазіргі күнде онлайн күнделік тебар, бірақ барлық сырларым, қуанышым, қайғым, кіршіксіз ақ қағазға түсірілген.
Кітаппен бала жасымнан доспын. Бірақ, өкінішке орай, қазіргі таңда ақпараттық технологияның дамыған заманында, одан тынымсыз жұмыс, уақыттың тапшылығынан қолыма кітапты кей кезде ғана алатын болдым...((( Жаңа әндер, жаңа кино туындылары. Жазба жазу, интернет, R&B стиліндегі билер.
3. Қай елге саяхат жасағың келеді? Қазақстан қалалары ішінен Семей, Сыр ордасы, жыр Ордасы – Қызылорда, атақты ақын атамыз Жамбыл Жабаевтің туған өңірі – Тараз қаласын, шырайлы Шымқаланы көргім келеді. Ақтауға барып, Каспий теңізінің жағалауында серуендегім келеді. Ал шет елдерден, махаббат қаласы – Парижге барып, ондағы әлемге әйгілі Эйфель мұнарасын көргім келеді. Сосын 中華人民共和國, яғни Қытайға да саяхат жасағым келеді.
4. Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса, кім болып келер едің? (құс, жануар, жәндік, планета) Құс болып, көк аспанда самғап ұшсам…
5. Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің? Өмірлік ұстанымым - әрқашан алға ұмтылу, болашаққа сеніммен қарау, өз күшіме сену. Қандай қиыншылық кездессе де, оларды жеңудегі мәселелерді сабырмен шешу.
6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме? Әрине есімде. Мектеп қабырғасында білім алып жүргенімде ;)
7. Кімді жақсы көресін? Әзірше, біреуді шың сүйем деп айта алмаймын, өлдім, күйдім, ғашықпын деген жағдайда емеспін. Бірақ ұнататын адамым жоқ емес, бар.
8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің. Неге ол адам? Өз басым саны коп, сапасы жоқ әншілер қауымын жақтамаймын! Әншілер қатарындағы Мейрамбек Бесбаев, Қайрат Нұртас, Сырым Исабаев, Роза Рымбаева, Мөлдір Әуелбекова, Заман тобының қазақ эстрадасында орны ерекше. Әнді жүрегімен айтатын, халықтың ықыласына бөлінген нағыз әншілер! Дауыстары да жақсы,әндерінің мағыналары да түсінікті.
Мәжіліс депутаты - Оразгүл Асанқазы. Тіл жанашыры ретінде… Ол кісінің алғырлығы мен өткірлігі, тауып сөйлейтін тапқырлығы мені таң қалдырады.
9. Сүйікті спорт түрі? Волейбол (әріптестеріммен жұмасына бір рет, жұмыс аяқталғаннан кейін, волейболға 2 сағат уақытымызды бөлеміз), бадминтон, кіші теннис, велосипед тебу (демалыс күндері орталық саябаққа, ерке Есіл жағалауына велосипедпен серуенге шыгамын).
10. Сүйікті кино. Көбінесе анимация, мелодрама, комедия жанрындағы фильмдерді көремін. Көңіліме жаққан фильмдер; Титаник (жаңа версия, 3 Д форматтағы) Аватар, «Жаужүрек мың бала», т.б. Ал сериалдарды мүлдем қарамаймын, қызықпаймын да. Түрік, корей серилдарын менсінбеймін. Көретінім тек Астаналық «On-live» сериалы on-live.kz
11. Үйде кім басшы болу керек деп ойлайсың? Негізі – ер адам, яғни отағасы. Бірақ, отбасында тең құқықты және тең мүмкіндіктер (равноправие) болғаны да дұрыс.