Мен Қазақпын!

Мен Қазақпын!
жеке
блог

Мен Қазақпын!

Тәуелсіз атқан таңым!

Берекеге байыған, ырыс маңым!

Үй-ішім бала-базар болған шақта,

жайлауым, қыр қыстауым толған малым!

 

Мен Қазақпын!

Атасын сыйлап өскен.

Ар-намысы көкіректі ұрмай, тескен!

Ашуы Алатаудың аязындай,

мейірімі самал желдей лебпен ескен!

 

Мен Қазақпын!

Жетімді сипар бастан.

Бар байлығын жинайтын, тойға шашқан.

Ата сөзін аяққа тастамай кіл,

«Асыл-тастан» дейтұғын, «ақыл-жастан».

 

Мен Қазақпын!

Салт-дәстүрін сақтар берік.

Еңбектенер аспаннан «жұлдыз теріп»...

Өнеге ғып атаның айтқан сөзін,

Жүретұғын ананың ақылына еріп.

 

Мен Қазақпын!

Таудай асқар шың ұлымын!

Желбірейтін сол шыңнан «нұр» тұлымым!

Адалдықты, сенімді серік етер,

Жаратқанның сүйікті бір құлымын!

Мен Қазақпын!

Ей,Әлем, қара бері!

Ұлылардан таралған ата-тегі!

Сәл күте тұр жақында бүкіл ғалам,

Көрген сәтте танитын болад(ы) «Мені»!