Еліміздегі вокалдық телевизиялық шоулар - сонау батыстан келе жатқан, яғни бүкіл әлемді шарлаған , лицензиясы сатылатын жобалар ғана болып табылады. Әйтеуір жылт еткен нәрсе болса, қызығатын халықпыз ғой. Өзіміздің қолымыздан келмегендіктен бе, әлде еліктейтін ел болғандықтан ба, әлемдегі бүкіл жобалардың барлығын Қазақстан назардан тыс шығармайды. Міне, сондай жобалардың бірі "Қазақстан Дауысы”. Көрсетілімнің басталуы Қазақстан телеарнасында 2013 жылдың күзіне жоспарланды. 2010 жылы голландтық RTL4 телеарнасында жарық көрген “The Voice of Holland” түпнұсқалы форматының қазақстандық нұсқасы. Атышулы «Қазақстан Дауысы» музыкалық жобасының қарапайым ән байқауларынан айырмашылығы – қатысушылардың тек дауысқа ғана сүйеніп бақ сынайтындығы. Жүзден аса қатысушылардың ішінен Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кешкенбаев, Нұрлан Албан мен Медеу Арынбаев сынды қазақ эстарадасының жұлдыздары өз командасын әр апта сайын толыұтырып жатыр. Тыңдау сынағы кезінде жұлдызды әділ-қазылар алқасының мүшелері қатысушылырдың өздерін көрмей, дауысына баға береді. Қорытындысында төрт топ алға суырылып шығатын болады. Ал финалға солардың ішінен тек төртеуі ғана өтеді. Оларды SMS-дауыстар анықтайтын болады. Жобаға 18 жастан 45 жасқа дейінгі қатысушылар қатыса алады. Жоба «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіліп жатыр.Тыңдау сынағы бес қалада өтті:Семей ,Астана ,Ақтөбе ,Ақтау ,Алматы.Айта кетерлік жайт, «Қазақстан Дауысы» жобасы осыған дейін басқа да елдерде өткен болатын. Солардың ішінде көршіміз – Ресей де бар. Шоудың жеңімпазы Дина Гарипова "Евровидение-2013" байқауында елінің атын шығарып, бесінші орынға табан тіреген еді. Қатысушылар тек дауысқа ғана сүйеніп бақ сынасады. Жүзден аса қатысушылардың ішінен Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев, Нұрлан Албан мен Медеу Арынбаев сынды қазақ эстарадасының жұлдыздары өз командасын жинайтын болады. Тыңдау сынағы кезінде жұлдызды әділ-қазылар алқасының мүшелері қатысушылырдың өздерін көрмей-ақ оларға баға береді. Қорытындысында төрт топ алға суырылып шығатын болады. Ал финалға солардың ішінен тек төртеуі ғана өтеді. Жобаның жеңімпазы халықтың онлайн дауыс беруі арқылы анықталады.
Ия , 3-тамызда өткен іріктеуге өзім де қатысқан болатынмын. Көбісі наразы болды. Сағат 9-дардан өте әпкем екеуміз барып 310-ыншы болып атымызды жаздық. Адам көп болды 1-лерге таман кірдім. Дауыс тыңдап жатқандардың арасында Русское радионың дикторы Кенже Жұманұлы да болған. Жалғыз таныған адамым сол әйтеуір. Сонымен кірдім, маған міндетті түрде қазақша ән айтыңыз деді. “Кешікпей келем деп ең” әнін орындадым. Ия, әділ қазы алқасын да түсінуге болады. Қаншама адамды тыңдап, шаршаған болар,бірақ атқаратын жұмыстары сол болса, шын дарын иесін іздеп отқан адамдар болса дәл солай немқұрайлықпен қарамас еді деп ойлаймын.
Телевизия мен радиодағы хабарлардың сапалы болып шығуы ең алдымен сол жерде жұмыс істейтін адамдарға байланысты. Батыста жаңа шоу шықса, соны сатып алуға асығамыз. Құдды бір өзіміз ойлап таба алмайтындай. Жоба елімізде болғандықтан, шет тіліндегі әндерді айтпа деп жатқаным жоқ, айтсын, тек белгілі бір этапы болғанда. Қазылар алқасын да дұрыс таңдап алған жөн деп ойлаймын. Бағана қозғап өткен бір адамның басқа да жобаларға секіріп қатыса беруі. Бұл дұрыс емес. Осыған қашан шектеу қойылады екен. Қатысушылар арасында наразалықтар жиі болып тұрады. Мен барған кезде тіпті екі әйел бір-бірінің шашын жұлуға дейін барды. Бұның бәрі халықтың теледидардан,радиодан көріп жатқан құндылығы жоқ ұятсыз бағдарламаларынан. Көріп алып "өзге елде солай болса маған да болады, бұл- мода" деп түсінеді. Сөз соңында айта кететінім, өзіміз әрекет етіп, жобаларды ойластырмасақ, біздің эфирдегі, радиодағы бағдарламалардың бәрі көшірме болмақ. Жоқ емес, бар халықтың көңілінен шығып жатқан бағдарламалар. Тек , осындай бағдарламаларды көбейту керек деп есептеймін. Тобықтай тоқсан ауыз сөздің түйіні, БАҚ-тағы қазіргі осындай мәселелерге немқұрайлықпен қарамауымыз керек. Себебі, телевизия – тәрбие құралы екенін есімізден шығармайық.