Арыстан осы эстафетаны маған бере салып еді, сырттан қарағанда «ұрсып-ұрсып», тартып алған сияқты болдым, жалғастырайын! )
Негізі, осыған дейін жазғандардың блогына қосылам! )
Егер осы эстафетада болмысым ашыла түсетініне сенсеңдер, мәрхәббат! )
Маған: Айдың су бетіндегі бейнесі, 3 жастағы сіңіліме «фунчоза» деп айтқызу, автобуста терезе жақта отыру, құмай тазы, Төреғалидың бүкіл әні, «Үнді мантысы», блогты көк «сиямен» жазу ( арасында сұр түс қосу ),
осы ойын,
Массагеттің өзі, «Бірге аударайық» бөлімі, сүйікті блогшыларым,
Анараның аватары,
Нұршаттың пікірлері, мына бір смайлик
осы актриса,
Есентай, «Оңай жіби бермейтін Сыр қызының қырсығы-ай» деген өлең, Қапшағайдағы ойынханалар қалашығы,
балапан үйректер,
осы сурет,
«Теңізде туып, теңізде өскен, теңізді сүйген жастар», «Закрытая школа», әлемдегі бүкіл балалар мен Әмина, Асыл тобының «Кірлеме жүрек» бейнебаяны, Серік Сейтман,
суретке түсіру
және «Ақберен» деген есім ұнайды.
Ал: көп әрі ретсіз сөйлейтіндер, ақ шұлық, эстафетаның жалғастырылмауы, қазақша сайттардағы "ұятсыз" материалдар, құпиясы жоқ адамдар,
ер адамның қолшатыр ұстауы ( қыздардың аксессуары деп білем ))),
«Қайда оқисың?» деген сұрақ, «ақынсымақ» деген сөз, валидатор бар автобусқа міне сала «2000 теңге майдалайсыз ба?» дейтіндер, беттен сүйіп амандасу, солатын гүл, әзілдей алмайтындар, өз нөмірін «свой ном.» деп сақтау, таксиды саусақпен тоқтатып тұратындар, алай-дүлей жел, «времени осталось меньше чем 5 минут» деген жазу, суретке түсу, бейтаныс немесе жасырын нөмірден келген қоңыраулар, жастары шамалас адамдардың «Сіз» деп сөйлесуі ( шыным ше, баяғыша «Сен» дұрыс сияқты ), менің заттарымды менің рұқсатымсыз ұстайтындар, тіпті, саусағының ұшын тигізетіндер ұнамайды.
Суреттер: deviantart.com
Эстафета Айзере Кенжебаевада!