Айзереге ұсынылған кезексөзді «рұқсатсыз» қағып кеткеніме ренжімеңіздерші, достар))) Кеше автобуста отырып (сүйікті 303-те) ойландым: нені шын мәнінде ұнатып, нені жаным сүймейтінін. Олай болса кеттік:
Ұнатпаймын:
Майлы ыдысты fairy-сыз жуғанды, шаштың шатасып қалғанын; Мамамның : елдің өзіндей қызын қарашы- дейтіні;
Бетіме үндемей, бастықтың алдына барғанда жала жаба бастайтын «ақылгөй» жұмыстағы тәтелерді;
Сиыр сауғанда сиырдың беттен құйрықпен қағып ойнайтынын; Мысықты (әсіресе-ангор мысығын, бүкіл үйге қылын шашып жүретін),
Дүниені тіреп тұрмын деп ойлайтын мақтаншақтарды;
«сен таза қазақпысың, қаныңда татар бар ау» дейтіндерді;
үйде пеш жаққанды;
Қайын атамның: келін, мә свечной ключ, машинаның свечасын шешіп, наждакпен тазалай сал» деп оп-оңай етіп айтатыны; Кисельді;
Алматының күзін;
Қазақты мазақ қылған Жириновскийді,
Бұтына бүлдіріп қойған баладай галифе шалбар кигендерді;
Есіктің алдын былықтырып кететін көршінің қаздарын (ай соларды жеймін-ау бір күні);
Мәә 18 жасыңда байға тидіңбе, не көрінді сонша"-деп таңырқайтындарды ұнатпаймыыыыын.
Ұнатамын:
Ауылды ұнатамын,
музыканы, билегенді, ешқашан барып көрмеген түнгі клубты, жылқыға шапқанды, жаңбырдан кейінгі табиғатты,
өзімде жоқ Гелендвагенді,
алабай мен кавказ иттерді,
көлікпен қатты жылдамдыққа салып, музыканы барынша қойып,машиналардың арасынан жыланша сусылдап өткенді;
біреудің құлағын тазалағанды))),
суйру цомянды, ұлтшыл жандарды,
Арай тобының "жанымда қалшы", dj Smash- тің ПТИЦА-сын;
қызыл көйлектерді, өзім көп кимейтін биік өкше туфлилерді,
сүйіп оқитын массагет кз-ті,
Үлкен қызымның «мама, мен сені каролева болса екен деп Құдай атадан сұрадым» дегенін, кіші қызымның «Айша сен менің мамам болшы» дейтінін; жолдасымның «бүгін төркініңе қонып келсең болады» деген сөзін,
ФБР ойнағанды, массагеттік бауырларды, массагетке барғанды (намек))),
Рассел Кроуды, Сальма Хайекті, Эдгар По-ның "Алтын қоңызын ұнатамын.
Өмірді ұнатамын. Бақыттымын Ин Ша Аллаһ!!!
Айзереде кезексөз кезегі!!!