Мен қалай "хахатушка","дурасел" атандым?!

Мен қалай "хахатушка","дурасел" атандым?!
жеке
блог

 Ия! Хахатушка! Бұл менің әкемнің қойған аты! Маған! Жалпы "күлкі өмір ұзартады",күлкі-витамин" деп жатамыз ғой. Осыны естіп алып," мен Кащей атаның немересімін" деп қалжыңдайтыным бар. Қалжыңдайтыным бар емес, өте өте өте көп қалжыңдаймын! Көңіл-күйдің адамы сияқтымын.... мәәә сенімсіз айттым ғой ық ық ық. Кішкентай күнімнен бастап 3 арсызды біліп өстім. Ұйқыны "переееемін". Тамақ жегенде "өтірік" жігіттерден ұяла қалып сызылатыным жоқ. Ашпын ба жеймін,тоқпын ба жоқ! Онымды жасырып жататын мен жоқ. Ал күлкіге келгенде ойбооой атаманмын. "От души " күлемін. Мені тоқтату қиын. Жатып алып күлетінім бар. Оның үстіне даусым да шиқылдап шыға ма бірдеңе. Группадағыларым "шиқылдақ" деуші еді. Мұғалімдерім де "сен болмасаң сабақ өту қызықсыз", "мыналар мұңайып отырады, Қазына сабақ айтпаса да бізді күлдіріп отырушы еді өз мейрамы өзіне болып" деп айтқанда өзімді "сайқымазақ" сезініп кетем уахаха. Қалжың ғой. Рас өтірігін қайдам бірақ "өзіне-өзі күліп, өзін мазақтай алатын адам нағыз мықты адам" дегенді естігенім бар. Соны ойлап "всемогущий" боп кетпесем болғаны ық ық ық. Ұрысып тұрып күлуім, ашуланып тұрып "прикол ұстауым", жылап тұрып әзіл айтып кетуім ғажап емес. Менің бұл мінезіме қарап "жеңіл ойлы,жеңіл мінез" деп қарауы әбден мүмкін. Сырт көздің. Әсіресе Жігіттердің. Әрине жақыннан танымаса. Ал көкеңе бұл орекеңнің тілімен айтқанда "по барабану"!!! Тәрбием сондай деп айтқым келмейді. Мені бұлай тәрбиелеген жоқ! Әке-шешем елдің ата-аналары сияқты "көп күлме,жыртаңдама, бұраңдама,әдепті бол,тыныш отыр,құтырма, жай күл" деп айтпады емес айтты ғой. Құдааай әлі айтады. Мені эфирден көрген сайын минут өтпей қоңырау шалып, "ыржиып отырсың,бас изедің, ән айттың,биледің,тым еркінсің" деп көөөөөп пікір айтады. Рас айтам "әкең айтты" деген сөзді ғана құлаққа лақтырам хехе. Себебі ол менде "самый серьезный" адам. Ақын ғой."ОБЩМ" не айтпақшы едім...сол қатал әкем мені тоқтаусыз, ұзақ шиқылдап,тарқылдап күлгеніме қарап,"хахатушка" атады. Негізі алғаш "тырқылдақ" деп атаған. Арасында орысша "әңгіме айтатыным" бар әкеме. Ақша сұрағанда мәселен:/ Сондайда автоматты түрде "тырқылдақ" "хахатушкаға" аудармамен кетті. Сонымен мені сипаттайтын екінші атым-"Тырқылдақ"!!!

Ал енді "дураселге" келсек. Бәріміз білеміз,дурасел-жарнамадан жыртыңдап шыға беретін қуаты мықты батарейка ғой әлгі қоянды 180-мен зырылдататын. СОООЛ. Университет қабырғасында "белсенді" студент болдым. Бұл мақтану емес. Сабаққа баратынмын,бірақ қатысуға уақыт болмайтын. Мойнымда концерт,кастинг,әншілер тб ұйымдастырушылық дүниелер болатын. Күндік режимім менің группаластарыма қарағанда өзгеше болатын. Одар үйден сабаққа келіп кешке шаршап кететін болса,мен сабақтан арасында концертке барып,одан кастинг жасап үлгеріп, кешке қыдырып,әншілердің презентацияларына да қатысып үлгеретін ем. Ешқашан "шаршадым" сөзін айтып көрмегем.Дәліздерден тек ұшып жүретін Қазынаны көресіздер. Солай "дурасел" атандым.

Одан қала берді  "тез" жүретін қасиетім бар. Жанымда жүрген адам я кроссы кию керек,я болмаса тез жүре алатын адам болу керек. Тіпті інім де жанымда жүре алмайды. "Сенің жігітіңе жаным ашиды, жаныңда еріп жүре алмайтын шығар,сенімен қатар жүру мүмкін емес,қайда асығасың аяғыңды жай басшы "походкам" бұзылып жатыр бұтым талтаңдап саған ерем деп" деген сынды уәждерімен ұрысып алады. Оған көнер мен бар ма?! Жә болмағанда әзілдеп қою керек қой. "Жігітім бар болса ереді,жоқ болса несіне ереді" деп күліп кетем.

Қорытынды айтып көрейінші... Көп күлу-өмірді ұзартар бәлкім. Жақсы көңіл -күй- сау денсаулықтың кепілі. Күліп оянған адам күні бойына күліп жүреді. Орнымен күлгенге,өмірдің әр сәтінен ләззат алғанға не жетсін?! Жүзі жылыдан түңілме деген.

"Ыржиыыыып" жүріңіздер!!!