Жалпы «блог», «блогер» туралы түсінік қоғамда бар айтылып келеді. Оған дейін тек «журналист» деген атауды ғана білетін бізге таңсық термин үшін бас қатырған емеспін. Бірақ 2013 жылдың 26 қазан күні менің блог жазуға деген түсінігім пайда болды. Оның өзінде толыққанды оның не екенін білген жоқпын.
Ең алғашқы блогым «Қиямет немесе өзімшілдік монологі» деп басталыпты. Алғаш жазып жүрген блогтарымның бәрі поэзия екен. Жас болдық, түсінбедік. Уақыт өте келе ысылдық.
Сіздерге «Массагет» сайтына тіркеліп блог жаза бастағанымнан бастап, осында жұмыс істеп жүрген кезімдегі блог-тарихымды ұсынып отырмын.
Бүгінгі күнге дейін 92 блог жазыппын.
Жалпы саны 143 261 көрілім жинаған екенбіз.
Оған қоса 455 пікір бар.
Ең аз қаралған блогым «Видеоблог: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығы» – 59 көрілім.
Ең көп қаралған блогым: «Димаш «Патша әнші» атанып кетпес үшін қытай барын салды...» – 17 827
«Мен қалай блогер болдым?» атты эстафета бастадым. Эстафетаны жалғаушы: Әсел Асанова.
Блог соңында #Менқалайблогерболдым хэштегін пайдалануды ұмытпаңыздар.
Біздің тұрақты блогерлердің де қатысуына болады.
Өздеріңізге есеп беріп көріңіздер.
(с) Марғұлан Ақан