Мен журналист болсам

Журналист - елдің елеулісі, халықтың қалаулысы. Елдің сөзін жақтап, мұң-мұқтажын бірге көтеруші. Менің таңдауым журналист. Көптеген сынға ұшырайтын мамандық иесі болғанымен сынбайды . Егерде мен жаңалықтың жыршысы болсам қосар үлесім қандай ? 

Менің ойымша журналист алдымен халықтың жағдайын толық түсіне білу керек. Ізденімпаздық пен жанашырлық қасиеттер үйлесім тапса берер пайдасы таусылмас. I Петр Қазақстан Азияға шығатын " Кілт пен қақпа" десе мен журналистика мамандығын мемлекет пен халықты байланыстыратын дарбаза мен қақпа деп танимын. Яғни еліміздегі болып жатқан мәселелерді жеткізуші. Қазіргі таңда бұл мамандық кеңінен дамуда. Болашақта арманыма қанат бітсе мен журналист мамандығын барлығына тиімді болу үшін берілген ақпараттың ақ-қарасын ажырата алу үшін ұялы байланыс қызметін орнатушы едім.  Осы арқылы кез-келген уақытта ақпаратты шынайы екенін білуге болады.Төртіншы тап өкілі болғандықтан журналисттердің ойып алар орны тайға таңба басқандай-ақ.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келе егерде мен журналист болсам еліміздің кешенді дамуына жұмыс жасар едім.



Бөлісу: