Мен журналист боламын...

Мен журналист боламын...
Бала күнімде телевизия саласына ерекше қызықтым. Журналистикаға деген құштарлығым еш дамыл тапқан емес. Бала күнгі ақ арманның қанатында Хантәңірі етегінен Алатаудың баурайына мақсатымның биік шыңдарын көздеп келдім. Сол алға қойған мақсатыма қалайда жетіп, журналистика деген қызықты да, тағылымды мамандықтың тізгінін берік ұстаймын деген сенімдемін. Және маған сенетіндердің де үмітін ақтаймын әлі... Күмәнмен қарап,күдігі басым болған жандарға журналист ретінде жұлдызым әлі де жарқырай түсетінін дәлелдеймін деген сенімім бар.
Әл-Фараби атындағы қасиетті қара шаңырақта Райымбектей бабамның, Мұқағалидай мұзбалақтың, Бердібектей биік тұлғалардың рухы қолдап, келешекке деген сенімімді арттырып, білікті маман атанып, өзімнің дара жолымды салуды көздеймін.
Журналист ретінде елім үшін,ұлт үшін не істей аламын, деген ой жетегіндегі жоспарларым алысқа жетелей береді деген ойдамын.
Қоғамдық санаға қозғау салатын, ұлт пен ел тағдыры үшін күресе алатын, сөз құдіретін терең түсініп , тарих қойнауын түгел парақтап,ұлттық тарих пен дәстүр, мақсат пен мүддені биік қоятын журналист боламын!
Керек ақпаратты қажетті жерге жеткізетін журналистиканың жаңа сапалық деңгейін көтеретін журналистердің қатарынан, алдыңғы қатарынан табылатыныма сенемін. Талмай еңбек етіп, талаптанамын.



Бөлісу: