Мен жиіркенген бір БАҚЫТ...

Мен жиіркенген бір БАҚЫТ...
жеке
блог

   Махаббат мәңгі ертегі... Махаббат өлеңдердің төресі... Махаббат ұлы күш... Махаббат майдан сәулесі...Махаббат, махаббат, махаббат... Ия, осы сөзерді қанша қайтара қайталасамда жүрегімнің құлағына жетпегендей. Себебі, бойымда ұғыну барда сезіну жоқ...

 Сенесізба қазір сезімді тек санамнан өткеретінді шығарыппын. Қарсы алдымда, мендей сезімсіз жанға жан - тәніммен, махаббат сырын білдіріп отырған жаның алдында өзімді қатты кінәлі санаймын. Ол адамды, өзімен ғашық еткенім үшін емес, оның жайшылықта тіл қатпайтын жүрек сөзіне тіл қатпасамда, сезіне алмайтындығым үшін... 

 Барлық пенде сезімсіз дүние есігін ашпайды. Ендеше, бар сезімнің ғайыпқа не болмаса алыс сапарға кетуінің себебіде болады... Мендік сезім алсы сапарға аттанған болар. Себебі, осыдан бір жыл бұрын өзімнен жоғарғы курстағы жігітті ұнаттым, әрине олда мені... Екеуміздің ортақ құрбы - құрдастарымыз, ортақ мамандығымыз, ортақ әңгімеміз болып жарасып - ақ кеттіп еді, жүректеріміз көздерін жұмып, құлақтарын бітеп  бар жаман қасиеттерімізді көрмиде, естімейде қалдық... Мә, саған махаббат деген осы болса керек. Жатар алдында оны көз алдыма елестетін едім " Бойы тым ұзын, көзді бақырайған маған ашуланғанда тіпті оданда үлкейе түседі, қастары не тау емес, не жолды емес домаланып қалған, аяқ - қолы тым ұзын, бір қолы мені екі орайды және өте тез сөйлейді, мінезіде сөзіне сай уайымшыл, ашуланшақ, қызғаншақ мен осындай адамды жақсы көремін ия дегенмен ол маған ашуланған мінезімен, қатты қызғанғанын көрсете бермейді ғой" деп өзіме азда болса жұбату айтып көзімді ілетінмін. Солай - солай жүріп екі - үш ай өтті.Меніңде, оның мінезінің басқа қырлары ашыла түсті тыйым салу, қой деу, қабақ шыту, ренжіту, әлде бір жерге жібергісі келмеу. Әрине, мұның бәрі қызғанының белгісі болар деп көзімнің жасын бір сығып алып кешіріп жүре бердім. Уақыт өте келе сырт көздің екеумізге таңырқай қарағаны, сырттай қызыққаны, "керемет жұбсыңдар" дегені, тіпті жігітімнің менің жүзіме тоймай қарап "сені ешкімге бергімде, көрсеткімде келмейді" деген сөзі мені қуатта алмады керісінше жаныма үрей туғызды. Оның маған деген сезіміне күмән келтірмедім тек қызғаныштан, қатты жақсы көргенен, көздерін шел басып қалама деп қорықтым... Ойлағаным расқа айналды. Ол тым артық қызғанатынды шығарды, мен қарағым келмейтін қылықтар шығарып, үнемі мені түрткілей беретін болды, болмашыға ашуланып өзін өзгелердің сөзіне сендіріп ауыздағы сөзінде, қолында ұстай алмай қалатын. Кез - келген жерде екеуміз ұрысып жататын болдық мен ақталып, ол тергеп дегендей. Енді, бұрында таңырқай қарайтын құрбыларым мынандай адамға қалай шыдап жүрсің, сенің басыңдағыңы бізге бермесін деп шықты. Бәрекелді, өмірдің күрт өзгеруі деген осы болар. Мен ол адамды қалай жақсы көрсем дәл солай жек көремін. Сенесізбе, қазір оның маған көрсеткен жақсы қылықтарын жазайын десем есіме бірде - бірі оралмады. Мүмкін оралмайтыны жақсы шығар, себебі алғашқысында сезімді бақыт санайтынмын, енді одан жиіркенем! Қайта айналып келмес екен, МЕН ЖИІРКЕНГЕН БІР БАҚЫТ...