Мен жайында білгің келсе...
Мен жайында білгің келсе адамдар,
Өткеніме өз көзіммен қараңдар.
Кеудеме еніп көріңдерші алдымен,
Сол бір тұста «жүрек» дейтін балам бар.
Балам күнде шырылдайды шерлене,
Жылап жатыр... түсінбейсің сен неге?!
Өздеріңдей өмір кешкем, кешем де,
Мен мұңлыққа, мен сезімге кем деме.
Мамық түнде мазамды алса бөбегім,
Селк етіп сыр, оянып кетер өлеңім.
Мен жайында білгің келсе адамдар,
Жанымды сүй, жаным өлсе өлемін.
Періштесі күбірлейді күлдіріп,
Білдіреді күлсе ішімді мың бүріп.
Мың күніме татитұғын күлкісін,
Әй, адамдар сендер кеткен бүлдіріп.
Бөбек- жырым, сәби –жүрек әлдиім,
Маған анық шайпау тиген хал-күйің.
Мен жайында бігісі кеп жүр бәрі,
Мен бола алмас, болмаған соң ол қиын.