Мен жайлы...
блог
Армысыздар, құрметті қазақ блогерлері және олардың оқырмандары!
1991 жылдың 20 қазан күні, шыр етіп дүниеге келгенімде, марқұм әкем "жанымның саясы болсын" деп есімімді Жансая қойған. Міне, содан бері Жансая атанып келемін.
Бұрын www.wordpress.com - да "Жанның Саясы" атты блогым болған. Өкінішке қарай, платформа жабылып қалды.
Мен журналистика факультетінің студентімін. Журналист болғандықтан, үнемі жақсы - жаман ойларым мен мақалаларымды жазып жүремін. Кейде оқырмандарға қажетті - ау деген қызықты мәліметтерді орыс тілінен аударып, оны да түртіп қоятын әдетім бар. Өйткені, интернетте қазақ тілінде материалдар аз. Бүгінгі күнде газеттен қайырым жоқ (әрине, газетте жұмыс істейтіндер ренжімесін). Олай дейтінім, газеттен әбден көңілім қалған! 1. Берген материалыңды кей газеттер бытшытын шығарып "редактировать" етіп тастайды. Тіпті, "мұны мен жаздым ба?" деп таң қалып қаламын. 2. Материалың дер кезінде шықса жақсы. Кейде оның шығуын айлап күтесің. 3. Оқырмандардың пікірін біле алмайсың. Ал мен болашақ журналист болғандықтан, жазғандарымды жариялағым келіп тұрады. Сол себепті, біздің көмекшіміз - блог. Мен әр түрлі тақырыпта жазамын, жанрымда әр қилы.
Мен сіздерге қажетті - ау деген материалдарыммен бөлісіп тұрамын, ал сіздер пікірлеріңізді қалдыра отырыңыздар!