Мен жайлы
блог
Сәлеметсіздер ме! Қадірлі Массагеттіктер! Бүгін мен сіздермен ойымды бөлісуді жөн көрдім. Бірінші, мен қандай қызбын? Менің неге көп пікір жазатындығым кейбір массагеттіктердің ойына келетін болар. Пікірді неге көп жазамын деп бірінші өзімнен сұрадым. Өзім әрқашан әділдіктің болғанын, адамдардың ойы таза болғанын қалаймын. Бұл нақ (сену керек деген сөз). Өз ойымды жақсы жеткізгім келеді. Ойымды ашық айтатын себебім - менің ойым қате болса сіздердің түзейтіндеріңізге сенімімде және ойланып жазатынымда.Мына өлеңді тыңдаңыздар
Жарайды мен қандай қызбын? Мен шын жазуға тырысамын(ойланып), мен кейде сеніп қаламын, өзімді батыл деп ойлаймын, жауапкершіліктен қашпауға тырысамын....
Былай бөлейін:
1)Мен ұнататын нәрселер: адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік, намысты қорғай алу, АР - ҰЯТ, ИМАН, орынды сөз, нақыл сөздің рас болуы, ойыммен бөлісуді ұнатамын....
2)Мен ұнатпайтын ой: жаман немесе арам ойлайтын адам, түсінгісі келмейтін адам, өзін аяйтын адам, жауапкершіліктен қашу, бос күлкі, жалқаулық, адамдардың арасындағы дұшпандық....
Мына өлеңді ұнатамын,мынаны да, және мынау
Жаза берсем әрине көп болады. Менің өмірлік ұстанымым нақты емес. Барлығы Аллаһ Тағалаға байланысты. Менің мына сайтқа тіркелуімнің себебі, бұл сайт маған еркіндігімен ұнады. Еркіндік дегенде, не жазсам соны жазу емес. Еркіндігі - адамдардың түрлі ойлары, кеңесулері.