мен жастарға сенемін

"Мен жастарға сенемін" 

Тарих сырын ақтарайын өр көңілдің жырымен,

Өзгелердің бола қоймас өлеңіме сыны кем.

Тәуелсіз ел сенің бүгін абыройың тым биік

Бүгінгі жас, сен елімнің тұраламас тұғыры ең. 

Құрбан болған сексен алты серілері кешегі

Намысы тік, жігері от,ыза-кегі бес елі.

Жас жүрегі жұртым деп  жігер төкті жауына

Қызыл қан боп ас-суы да, табанымен кешері.

Бүгінгі жас үлгі  етеді ерлердің сол ерлігін,

Содан түзер сенімін де, сенімінің кемдігін.

Жасын жігер, болат білек сол жастарым болмаса,

Өрелі істі, өнегені жасай алмақ енді кім?

Бойжеткені ар сақтаған, абыройын тік ұстап,

Туған жердің суын ішіп, жұпарымен тыныстап.

Азаматы арқа сүйеп бір-біріне сенетін

 Батырым деп әр істе жол беретін ырысқа ақ.

 Бүгінгі жас-құзар биік Алатаудың асқары,

Бүгінгі жас – кемел аңыз, ертеңгінің дастаны.

Мағжан сеніп,  ақ үмітін арқалатқан арқаға,

 Елдікті сүй,ерлікті сүй, тәуелсіз ел жастары.

Қане, көңіл,шарықта, қайғы қашып, тарқа мұң,

Дана далам,  мерейіңді аспандатты арқарың.

Ауыздығын шайнай шапқан құла жүйрік,сәйгүлік

Мен жастарға,  жас өренге, сенімімді артамын.

Естілетін  әуенінен, жырынан да ерек үн,

Ой ойласа ойлаған тек тұңғиығын,тереңін.

Санасына шегелеген елдік сенім нақышын,

Ақ азулы арлан бөрі мен жастарға сенемін.

Бөлісу: