Мен ғашық болып қалдым...

Мен ғашық болып қалдым...
жеке
блог

Өзгені нұсқап өмір тудырған мендегі қос өлең...

Мен сізге ғашық боп қалдым...

Қолымнан ұстап жібермейтінің,

Ұнайтын, жанды күле емдейтінің...

Мен ойлағандай әлемнің бәрі,

Түсіндіретін түнермейтінін...

Мен сізге ғашық боп қалдым...

 

Маңдайым сүйіп: "Мұңайма!"-дейтін,

Мен болып дейтін:"Ұнай ма кейпім?!"

"Әкесінің өжет, ерке қызы да,

Осылай оңай жылай ма?!"-дейтін...

Мен сізге ғашық боп қалдым...

 

"Жарым",-деп жатқа таныстыратын,

Көңілім үшін алыс тұратын...

Сен бәрінен де биіксің ғой деп,

Көшедегілерді салыстыратын...

Мен сізге ғашық боп қалдым...

 

Сүйкімсіз сезім

"Періштем",-деп, алдаған ба ең,

Тағат таптырмас торы мұң.

Бір сізге байланысты ма ед,

Менің бақытты болуым...

(Сонда да жалғыз қалдыршы...)

 

Сенімді жойып санамнан түгел,

Сезімді жөн ба еді жерлеуі?!

Бір сізге байланысты ма еді,

Менің махаббатымның өлмеуі...

(Сонда да көзіме көрінбеші...)

 

Жастықты малып жасқа жалықтым,

Өмірдің сіз боп бал-уы...

Бір сізге байланысты ма еді,

Көздерім құрғап қалуы?!

(Сонда да қараңды батыр!)

Ерінбей кірген, оқыған, ақырына жеткен екенсіз... Келісейікші... Мұнда лайк басыңыз немесе керісінше... 

Мақпал Төребек