Мен ғашық болған арулар...

     Жақсылап жылап алдым... Әзіл ғой! "Амалым қанша?" деп тақырып қойып, өлең жазған едім. Жақсылап жазғам. Әттең, сосын бір кезде ғашық болған аруларымның суретін салып қояйын дегем. Салып жаттым да, бір кезде бір қырсықтың суреті жүктелмей, әбінәбіт етіп едім, жойылып кетпесі бар ма... Шаршап отырмын, ашулануға күш-қуат жоқ. Азанда Барахолкаға бару керек. Бастаған екем, бастаңғы емес, бастадым деймін. Аяқтайын.

Оң жаққа қарап отырған кім дейсіз ғой? Алғашқы махаббатым ғой, әлі күнге дейін ыстық маған.

 

Алтынбекова Жұлдыз. Алматы. ВК-дан таптым суретін. Қалай десеңіз, әуелі парақшасын таптым. Мүлдем жоқ екен суреттері. Сосын достарына кірдім де, таптым-ау, сірә... Политехта оқып жатыр екен, ысбиаз жағында. Менің алғашқы махаббатым осы - менің Жұлдызым. Енді кейінірек тағы да достарына кіріп, суреттерін іздестіруім керек.

 

Суннатулла Дана - екінші сезімім. Шымкент.

 

Үшінші махаббатым - Молдағазиева Анар. Шамалған.

 

Жайлаубаева Мархабат. Қызылорда.

 

Рысмамбетова Ақнұр. Қазалы.

 

Нығметова Айымгүл. Ақтөбе.

 

Тұрсынай Нұржақып. Шонжы.

 

Ақерке Әбілхан. Бақанас.

 

      Иә, мен ғашық болған қазақ қыздары. Біреулері күйеуге шығып кеткен, біреулері шыққалы жатыр, біреулері жігіттерімен жүр. Иә, бұлар менің есімде қалды. Ал мен бұлардың есінде жоқпын. Өкінбеймін... Дегенмен, көзімнен жас тамды. Иә, Жұлдызымды қимаймын, бірақ өмір ғой бұл, менің қалағаным болмайды бәрібір.

     Қателік... Иә, мені айырған қателік. Қателік жасамас бұрын жақсылап ойланыңыздар, ағайын! Ал бұл қыздар бақытты болсын! Бақытты қылатын адамдарының өмір жасы ұзақ болсын, денсаулықтары берік болсын, Алла ризық-несібелерін арттырсын! Әмин! Бұдан тыс жазылған сөздер енді тым артық...

     "Амалым қанша?" деген өлеңді өшіріп алдым. Дегенмен, алдағы уақытта жазармын жаңадан. Тек күтіңіздер!..



Бөлісу: