Мен ғашық болдым ба?

Мен ғашық болдым ба?
жеке
блог

Махаббат деген кезде, көбіміздің көзімізге кино елестейді. Немесе том-том болып басылған кітаптардағы екі ғашықтың ғажайып хикаясы...

Кейде махаббат бар ма? Болса кайда? деген ойлар көптен-көп болады. Әрбір жанның ішінде өзі қалаган идеал адам болады, яғни ішкі қиялымызда біз сол адамды іздейміз. Не жазарымды да білмеймін, өйткені мен үшін  ғашық болу, махаббат, осылардың барлыгы қызық емес болып кеткен сияқты, бірақ білмеймін, осы тақырыпта сөз қозғағым келді.

Мен ғашық болдым ба? Айтып иа болмаса жаза бастасам, не жазарымды білмеймін. Менен осылай сұраса, иа деп күле жауап берер едім, өйткені ғашык болу да бір үлкен бақыт қой. Ғашық болған адам бір қиял ғажайып дүниеде өмір сүріп жүрген жан секілді, оның істеген іс қимылы, көңіл-күйі, барлығы өзгереді. Мұны неге айтып отырмын? Өйткені бұл жағдай менің басымнан өткен еді))))) Иа сол уакытта айыға алмас ауру болса, қазір сол сезімдер қайта оралса екен деймін. Ғашық болған жанды көру бір қорлық және қуаныш болатын, ол сезімді айтып немесе жазып жеткізу мүмкін емес. Ол жанның күлкісі, әр мимикасы, іс-қимылы сен үшін қуаныш, бір жатқан бақыт))))

Сондықтан да, оқырман қауымға айтарым, қыздарға, жігіттерге: Ғашық болыңдар, Ғашық болыңдар! Ғашық болу да өмірдің бір қызығы.