Мен есірткісіз болашақты қолдаймын!

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

   Қоғам байлығы да, адам байлығы да - денсаулық. Сол үшінде өмірді даналық, ұшқыр қиялмен бағалайтын ата-бабамыз денсаулықты дәріптеген екен. Алайда ата-баба мұратын жүзеге асыратын кейбір жастар нашақордың соңынан аз болса да еріп кеткендері бары да рас. Әлбетте, есірткі не үшін қажет деген сұрақ туындауы да мүмкін. Сонда, қызығушылық деп жауап беруге бола ма?

  Есірткі санаға, миға әсер ететін зиянды зат деп білемін. Оның кесірінен ауруға шалдығуыда мүмкін. Сондықтан, өз өмірімізге зиянын тигізер, әсіресе жат нәрселерден аулақ болғанымыз жөн. Енді оларға не жататынына келер болсақ: темекі тарту, спирттік ішімдіктер, есірткі секілді заттарға салыну. Осы ішімдіктердің орнына қымыз бен қымыран ішу, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүру керек деп білемін. Өйткені өзім спортпен айналысып, салауатты өмір салтын қолдаймын. Сонымен қатар, менің сенім артар үлкен арманым бар. Ол - адам денсаулығына зиянын тигізетін бұл есірткіде міндетті түрде жойылатынына сенімдімін. Неге десеңіздер, себебі нашақорлықпен күресетін нағыз маман иелері бар. Бұл мамандардың жасап жатқан жұмыстары мақтауға тұрарлық жұмыстар деп білемін. 

  "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" - дегендей, еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек. Ал еліміздің ертеңі бойында қайраты мен жігері бар жалынды жастардың қолында.

  Жалындап тұрған жастарымызды есірткісіз болашаққа жетелейік!



Бөлісу: