Мен ешқайда жоғалғам жоқ...

-          Сәлеметсіз бе! Сіз массагеттік блогерсіз бе?

-          Блогер дегеннен қолданушы деген дұрыс шығар...)

-          Сізбен танысқаныма қуаныштымын, көрінбей жүрсіз ғой соңғы кездері?..

      Агентімнен  көбіне осыған ұқсас хат-хабарлама жиі келіп жатады. Арасында массагеттік достардан да «Сіз неге көрінбей кеттіңіз?» деген хатты көргенде, шыны керек қуанып қалатын болыппын.))

     Ең соңғы жазбамда, Алматыға жолға шыққалы жатқанымды, бірнеше айға сайтқа кіре алмайтынымды жазған едім. Содан бері үш ай жаз өте шығыпты. Сайтқа кіріп жүрмесем де, күнделікті жазбалармен, жаңалықтармен танысып, білісіп отырдым. Осы күндер ішінде, өйтіп-бүйтіп «СЫРЛЫ СҰХБАТ»-қа да жауаптарымды жіберген болатынмын. Сол жауаптарымды үйге келгенде бір-ақ оқыдым ғой..) Ааай, ұялғаным-ай!..))

     Массагет – ол мен үшін үлкен мектеп деп бір жазбамда жазған едім. Сол секілді, бұл сайттың орны мен үшін әлі де ыстық, әлі де ерекше дер едім. Мақтауым емес, шыны сол. Бір байқағаным, соңғы кездері жаңа қолданушылармен толығып жатқаны, сайттың жаңашылдығы, оқырмандарының көбейіп жатқаны қуантады. Тәуба!

«Сен де - бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан»! Иәә, массагеттің бір кірпіші болып қаланып жатсақ, бұдан асқан бақыт жоқ шығар?!  Ендеше сол кірпішті қалауға сендерде, оларда, біздер де құқылы екенімізді ұмытпаңдар! )

Айтпақшы, мына бір жаңалықты оқып, қуанышым екі еселеніп кетті ғой... https://www.internet-doda.kz/index.php/zhe-impazdar-tizimi  Массагетім сол, құтты болсын, жеңісің! Жасай бер! Өсе бер! Біз сенімен біргеміз!!!



Бөлісу: