Мен ерікті болғанымды мақтан тұтамын!

Мен ерікті болғанымды мақтан тұтамын!
жеке
блог

Алматы қаласында өтіп жатырған 28-ші қысқы Универсиаданың басталғанына міне 9 күн болды. 9 күн ішінде қаншама медальдар сарапқа салынып, қаншама қызықты оқиғалар орын алды.Осы оқиғаларды өз көзіммен көруге мүмкіндік алдым. Яғни, менде елдерден, басқа да студенттерден қалмай еріктілер қатарына қосылдым. Ерікті болу бастапқыда маған атарға оғы жоқ адамдай көрінген болатын. Айтқым келгені, мен тек еріктілер қатарына ашық - жасыл әдемі киімі үшін ғана қосылғым келді. Сөйтіп жүріп еріктілер қатарына қосылып, алғашқы жұмыс күні басталып та кетті. Бастапқы күндері мен ерікті болғаным үшін өкіндім. Себебі, мен ешқандай адамдарды, басқа да еріктілерді танымағанымнан ба маған қызықсыз болды. Тіпті уақытымды бекерге құртып жүрмінбе деген ойлар да мазалады. Қазақ бабам айтқандай "үш күн өткеннен соң көрге де көндігеді" екенсің... Иә, тіпті жәй ғана көндігіп қана қоймай, ерікті болғанымды мақтан тұттып жүрмін. Барлық еріктілермен, журналистермен танысып бұл ортаның қызықты екенін байқадым. 

Мен функционалды қызмет түрін таңдайтын кезде баспасөз орталығын таңдаған болатынмын. Бұны таңдауыма себеп, болашақ жұмысыма, мамандығыма тәжірибе жинақтау болатын. Шынымен, тәжірибе жинау үстіндемін. Қаншама қазақстандық, шетелдік журналистермен, операторлармен таныстып, олармен бірге жұмыс істеу бақыты бұйырды.Мен осындай дәрежеге жеткенімді,сонымен қатар, ерікті болғанымды мақтан тұттамын!