Мені еріксіз жылатқан өлең...

Мені еріксіз жылатқан өлең...
жеке
блог

...Хабарласпай кеткенің дұрыс болды...
"Көңілі таңғы судай салқындасын",- деген шығарсың...
"Оңашада қаймығып, ән тыңдасын",- деген шығарсың...
"Менен басқа өмірді де есіне алсын",- деген шығарсың...
"Егіліп жыларсың да басыларсың",- деген шығарсың...
"Май айында басынан күзді өткерсін",- деген шығарсың...
"Сүйетіні шын болса, іздеп келсін",- деген шығарсың...
"Мейрамда да қуанбай, мұңға батсын",- деген шығарсың...
"Сынық жүзден суық мұз сырғанатсын",- деген шығарсың...
"Менің әлсіз жанымды күйретейін",- деген шығарсың...
"Қаталдыққа осылай үйретейін",- деген шығарсың...
Бәрі де солай болды...
Жылаймын мен...
Ерісе деп, ертерек, мұз боп қалмаймын!
Бәрі де солай болды...
Тек қана іздеп бармаймын!
Мен - нәзік гүлмін! Сен - құламайтын шынарсың!
Бірақ, мен шыдаған дауылға сен шыдамайтын шығарсың...