Мен еркінмін!

Мен еркінмін!
жеке
блог

Сіздердің не сезінетіндеріңізді қайдам, өз басым Тәуелсіздік мерекесі алдында сөзбен айтып жеткізе алмайтын ерекше көңіл-күйге түсем. Өйткені мен – Тәуелсіз елдің ең алғашқы ұрпағымын.

Сахнаға шыққан сайын бойымды өзгеше сезім билейді. Өйткені қалың елдің алдына шығып тұрғанда, не айтқым келсе де, қысылмай айта алам... Қарапайым ауылдың қарасирағы болсам да, өз қалағанымша ән сала алам!

Зал дүр етіп қол соғып, қошамет көрсеткенде, бізге ілесіп: "Қазақстан! Қазақстан! Қазақстан!" деп бүкіл залды жаңғырықтыра ән салғанда, Тәуелсіздік дегеннің ең бастысы – Еркіндік екенін түсінесің! Жүрегің қаламаған ойды қабылдамау еркіндігі, қозғалу еркіндігі, шығармашылық еркіндігі! Мен еркін елде өз қалауымша өмір сүріп, өз қалауымша тыныстай алам! Еркінмін, осылайша бақыттымын! Тәуелсіздік күнімен, қымбатты достарым! 

Сурет: ria.ru