Ақ параққа сырымды айтам әрбір,
Сол баяғы жағалау қайта барғыр.
Алматының көшесін кезіп келем,
Жалғыздықтан жалығып сайтан алғыр.
*
Жанарымның астарын мұң еседі,
Ойларымның тұман боп келешегі.
Жұбатқысы келе ме қу жағалау,
Толқынымен бір бардай берешегі.
*
Жел еседі көңілде әр қырқадан,
Мінезімнен құйындай шаң бұрқаған.
Анау жерден бір қарттың даусы естілер,
Гитарасын қолына –ап ән шырқаған.
*
Арпалысып беймаза күдікпенен,
Соған қарай жайменен жүріп келем.
Мұңға батқан гитара әуенінен,
Шайқалардай шер тартып,тұнық денем.
Соған қарай жайменен жүріп келем.
*
Гитарасын шертіп қап,бақыраулап,
Әуінің әкетіп атын аулақ.
Солғын тартқан жанары жарқ-жұрқ етіп,
Жүздерінің шарпиды оты лаулап.
*
Іске бекем кіріскен балақ түріп,
Қимылынан таппадым салақ қылық.
Жанарымнан бір мұңды сезді білем,
Соқыр көзбен жүзіме қарап тұрып.
*
-О ғажапты көрсе де толасыған,
Жапа шегер жазылар жарасынан.
Сендер,бақыт-дегенді сезбейсіңдер,
Мен сезетін адамдар арасынан.
*
Эһ,жастық шақ деді де күлімсіреп,
Сен маған өмір бердің тілімсіреп.
Мен сенен бұдан артық қаламаймын,
Деп және қорықпаймын күнім сөнет.
*
Ей,жігерім сен барда тайсалмайтын,
Жанымды жей алмайды жайсаң жай мұң.
Өзгелер тұңшыққанмен өз мұңына,
Менен азап тартуда қайсар қайғым.
*
Беу дүние арқама күрес артып,
Қойсаң да жүре берем күле шалқып.
Қараң басқан қараңғы бұл ғаламға,
Соқыр көзбен қараған мың есе артық.
*
Мұңды ойларым тартқызқан күзде күрең,
Өзіме-өзім өкпелеп өзге бірең.
Жаным құрғыр жаншыла,шаншылуда,
Соқыр қарттың инедей сөздерінен.
*
Шерлі әуеннің ап келген іздерімен,
Менің жаным тым әлсіз сіздегіден.
Өмір құрғыр осы ма есітпегің,
Соқыр қарттың мұң басқан жүздерінен.
*
Мейлі жаным сарсаңға құласын мың,
Мен бүгін қуануға құлаш ұрдым.
Соқыр көзбен көретін бұл өмірді,
Жігеріне тәнті боп бір асылдың.
Досжан Нұрболат