Мені елең еткізген оқиға...

      Тынымсыз, қарбалас күндердің бірі...Сағат тілі кешкі 6-дан ауытқып барады. Аптаның жаңа басталған уақыты...
Сәрсенбінің сәтті күні болғанымен, мені таңқалдырған 1 минуттық оқиға қоғамның сәтсіздігін көрсеткендей. Әңгімеме арқау болған жолаушы көлігіндегі ( автобус) жайсыздық. Таңғы 8-ден аралық бақылаудың ( рубежка) тосқауылына төтеп береміз деп жүріп, нәр татпаған күймен, шаршаңғы кейіпіммен аялдамаға келіп жеттім. 
      ...Қоғамдық көліктегі ( автобус) келеңсіз оқиғаның лебі бәрін ұмыттырды. Мен мінген аялдамадан, шамасы келгенше, елбеңдеп жүгіріп, аяғы ауыр келіншек те кіріп келді. Ешқандай орын бос емес, әрине. Бірақ түрегеліп тұрғандардың барлығы алдыңғы қатарда отырған студент балаға жанарын тікті. Ол, тіпті, міз қақпайды. Ұйықтап отырған кейіп те танытпайды. Қызық... Не дегенмен, ер адам болғандықтан, отыра беруге намысы жібермейтін шығар деп, күттік. Болмады... Енді, өзіміз тәуекелге барып көрейік деп, әлгі жігітсымақты түртіп, "кешіріңіз, аяғы ауыр келіншекке орын бересіз ба"- деп, өтінгеніміз сол-ақ екен, ол бетімізге бажырайа қарап : "мен үшін көтерген жоқ" деді. Біз аң-таң, не күлерімізді, не жыларымызды білмедік. Бір бірімізге қарап, бас шайқасқаннан артық қолымыздан келетін дәрмен жоқ. Ол жігітке:"әй, балам, олай деме"- дейтін бір қария үн қатпайды. Шамасы, "санасызға сан айтсаң да қонбайды" деген мақалдың төңірегінен шыға алмаған шығар. Бірақ, "сөз сүйектен өтеді" деген де бар ғой. Жалпы, ендігі менің бар ойым айтылған сөзде. " Мен үшін көтерген жоқ" деп, орын беруге міндетті емес екендігін айтқызы келген шығар. Дегенмен, өте өрескел қателік болды. Анайы сөзбен өз бейнесіне нұқсан келтіргенін де сезбеді ол. Әрі, әлгі келіншектің де жүрегіне жұмсақ тиді деп айта алмаймын. Жалпы, айтайын дегенім, барлығымызды дүниеге " Ана" әкелді. Аяғы ауыр келіншек - болашақ ана! Қолдан келгенше, құрметтейік, аялайық, сыйлайық! Ертең сіздердің де әпкелеріңіз, қарындастарыңыз, тіпті болмағанда, болашақ бөбектеріңіздің анасы дәл осындай оқиғаға тап болмасына кім кепіл?! Яки, сізді жарық дүниеге әкелген анаңызға қоғамдық көлікте " мен үшін қартайған жоқ" деген сөзі ауыр тимейтініне кім кепіл?! Сондықтан, достар, құрдастар, жастар ойланайық!
 





Бөлісу: