Адам – ол да бір әлем. Адамның бойында жақсылық та, жамандық та бар. Сатқындық, әділетсіздік, опасыздық, қадірсіздік, не болмаса мейірімділік, имандылық, адамгершілік т.б. сезімдік қасиеттер жақсылық пен жамандықтың көрінісін аңғартады. Өзімнің түйгенім: көбінесе біз – адамдар біржақты пікірлерді көп ұстанамыз, сол бойынша шаршамай сөйлейміз, жазамыз, талдаймыз, талқылаймыз. Жақсылықты көрсек, тек жақсылық жағын ғана таңнан кешке шейін әңгіме қыламыз. Басқа қырларын қарастыруға уақытымыз жоқ па, білмедім. Сөзі жақсының жақсы іс-әрекеттерін көрсек, әбден мақтаймыз да, пендешілік кемшілігін байқап қалсақ, енді қайтып көрмейтіндей «үйімізбен қоса көшіп кетеміз». Қызық нәрсе! Жалпы, «жаман-жақсы» деп күнделікті тіршілікте айта береміз де, шешім де шығаруға «шешінген судан тайынбастай» еш жалықпаймыз. Менің айтарым, жақсылық та, жамандық та адамның мінезінен, сана-сезімінен, т.б. эмоционалдық нүктелерінен пайда болады. Сондықтан бір адамның мінезін байқағанда, сана-сезімін бақылағанда, «осылай да осылай» деп мәселенің түйінін екі ауыз сөзбен шеше салуға болмайды. Біз Абайдай данышпан емеспіз, Жамбылдай өмір сүрмедік, Кенесарыдай ел қорғап жүргеніміз жоқ. Дегенмен, адам ретінде пікір айтуға, көзқарас қалыптастыруға хақымыз бар.
Осы күнге дейін алпыстың үстінде блог жазыппын. Оның кейбіреулерін өшіргем, кейбіреулерін аяқтамағам. Сірә, солардың бәрін еске бір рет болса да түсіргім келді. Мәселен, осы аккаунтымдағы алғашқы блогым – «Мақсатқа жеткен жөн». Бұл блогымда әкемтеатрға баруға 10 билет сатып алу керектігім жөнінде жазғам. Блогты жариялау арқылы қарызға ақша сұрағанмын. Блог соңында «...Сіздер де мақсат қойсаңыздар, жетіңіздер!» деп аяқтағам. Алғашқы болып пікірді Мейіргүл Оңғарова жазды: «Қарызданғанша, өз ақшаңызға бармайсыз ба?» – деп. Монти болса: «Мақсатқа через қарыз арқылы жетпеу керек!» – деген. Ай-керім Сматуллаева: «Мен де кезінде қарызданып баратын едім, тіпті, көйлек сатып алатынмын. Қаласаңыз, бір қойылымға мен алайын билетті» – деді. Балдәурен Рахым болса: «Несі бар, қарыз алса, әйтеуір, мақсатына жетеді де» – деді. Ақ-Ерке Әбілхан «Драматургтерді «еркеше» сыйлаймын. Сіздің де туындыларыңызды Әуезов не Мүсірепов театрынан тамашалайық» деп жазған болатын. Анар Мұстафина «Сізге қарызға бергенше, сол ақшаға өзі бармай ма?» – деп жазған. АКА болса «Қарыздансам да баруым керек деген сізді өнер адамы ретінде жазды деп түсінемін» деді. Блогтың көрсеткішіне қарасам, 15 пікір, 312 көз.
«Әй, жүгермек, сағындым ғой...» блогында немере інім Жандосқа сағыныш хатын жазғам. Бір жағынан, өзімнің жаңалықтарымды да қосқам. Ай-Керім Сматуллаева «Нағыз достық, нағыз жанашырлық, нағыз сағыныш» деп пікір жазса, Сарғалдақ Кеңесбай «Массагетке қайта келгеніңізге қуанып отырмын. Пьесаңызды жібердіңіз де, жоқ боп кеттіңіз» деген болатын. Ақ-Ерке Әбілхан «Мына хат жүрегімді ауыртты, аман болсын жүгермек досыңыз» деп пікірін білдірсе, Анар Мұстафина «Қатты сағынғаныңыз көрініп тұр» деді. 340 көз, 8 пікір. 2 адамға ұнаған екен.
«Көзілдірік – көз ілдірік» блогында көзілдірігімді аяғыммен басып кеткендігім жайлы, көзімнің жағдайын әзіл араластырып жазғам. Соңында «ПіСіП: Көзге сақ болайық! Көз ғой кейде сатып кететін, кейде жалғандықты меңзеп жіберетін» деп аяқтағам. Анар Мұстафина «Қазір қайта жақсартуға арналған жаттығуларды жасап, көзілдіріксіз өмір бастаудың жолын қарастырарсыз?» деп ұсыныс жазды. Мейіргүл Оңғарова «Мына жазбаңыз ұнап отыр шынайылығымен» деді. 1 адамға ұнапты. 206 көз, 5 пікір.
«Алғашқы махаббат...» блогында алғашқы махаббатым Жұлдыз жайлы, онымен қалай танысқандығым жөнінде жазғам. Ақ-Ерке Әбілхан «2009 жылы қандай қарапайым едіңіздер сонда?» деп жымиды. «Сіздің шығармаларыңыз жазылмай жатып, кейіпкерлеріңіз танылып жатыр» деп жалғады. Анар Мұстафина болса «Анасын кірістіргеніңіз дұрыс болмапты» деді. 291 көз, 8 пікір.
«Таңдаған оқуыма түсе алмадым...» блогында Жүргеновке тапсырғандығым, онда түсе алмағандығым жайлы жазған болатынмын. Губа Айдарханова «Сөздеріңіз түйеден түскендей екен» десе, Анар Мұстафина «Жалпы, драматургия деген не, соған жазба арнасаңыз» деп ұсынысын білдірді. Балдәурен Рахым «Басы жақсы, аяғы мұңды бопты жазбаңыздың» деді. 222 көз, 5 пікір.
«Өзге емес, өз жайымда...» блогында туған жерім Байқоңырда қалай өскендігім, қазіргі күні қандай екендігін жазғам. Соңында «ПіСіП: Жалпылама ойға келгенін жаздым. Сұрақтарыңыз болса, жауап беруге дайынмын. Сұрақтан аянбаңыздар!» деп аяқтағам. Ғазиза Ұзақ «Қош келіпсіз! Танысқаныма қуаныштымын!» деді. Жұлдыз Ернар «Қазақ тілді жақсы оқыған екенсіз, қатесіз жазылыпты» десе, Анар Мұстафина «Бәлкім, Қызылорданың драматургиясын дамытарсың» деді. Ай-керім Сматуллаева «Төрлетіңіз! Шығармашылық табыстар тілеймін» деген пікірін жазды. Балдәурен Рахым «Басқаларды қайдам, өзім оқып отырып әбден күлдім. Сатираны да жаза беріңіз, негізі» деп ұсыныс айтты. Сырдың қызы «Байқоңырым сол» деген еді, жауап ретінде «Байқоңырым оң» деп әзілдеп жауап жазғанмын. 235 көз, 10 пікір.
«Драматургияны қалай түсінемін?» блогында драматургия жайында кішігірім көзқарасымды жаздым. Ақ-Ерке Әбілхан «Драматургия күрделі жанр. Пьеса жазу оңай емес. Оған өте жауапкершілікпен қарау керек» деп пікір жазып, драматургиядан хабары бар екенін білдірсе, Анар Мұстафина «Түсінікті» деп қоя салды. Сырдың қызы «Бір пенде» деп жымиды. 187 көз, 5 пікір.
«Ұстазым – Серік Асылбекұлы!» блогында 61 жасқа жеткен ұстазыма арнаған құттықтауымды жариялағам. Анар Мұстафина «Құтты болсын!» деп шектелді. 177 көз, 1 пікір.
«Талантсыздың таланты...» блогында «Мұстапа», «Туған күн» деген әңгімелерімді жариялағам. «Балауса» бәйгесіне жіберген болатынмын. 188 көз, 0 пікір.
«Менің талантсыздығым...» блогында 2-8 жас аралығындағы балаларға арналған «Мен – Адаммын!», «Сүйем», «Туған елді аяла» деген үш өлеңімді жариялағам. 0 пікір, 123 көз.
«Болмасам да ұқсап бақтым...» блогында «Үш бақытым» пьесасын жариялағам. Оны да «Балауса» бәйгесіне жібергем. Алайда одан ештеңе бұйырмады. 0 пікір, 109 көз.
«Алдым-ау билеттерді... Алақай!» блогында әкемтеатрға 11 қойылымға билет алғандығым жайында жазғам. Қарындасым интернетті сұрағасын, сол блогты сол күні аяқтап жаза алмай қалған болатынмын. Ғазиза Ұзақ «Қойылым көңілден шықсын!» деп сәттілік тіледі. 157 көз, 2 пікір.
«Бір қуаныш... Бір өкініш...» блогында бір күннің оқиғасын жазғам. Сұлтанәлі Балғабаевпен қалай танысқандығым жайлы да сөз қылғам. Блог арасында «Жұмсақтығым үшін ғой мені ешқандай қазақ қызы ұнатпайды жігіт ретінде, іздейтіндері мұжық» деп жазған едім, Пәленше Түгеншеқызы «мұжық» деп жазып, әбден күлген еді. 127 көз, 1 пікір.
«Көк журнал» блогында әкемтеатрдағы көк журнал туралы жазған едім. 83 көз, 0 пікір.
«Сені ойлаумен өтеді уақыт» блогында Жұлдызды әлі сағынатындығым турасында, онымен қалай танысқандығым жайлы жазғам. 2 адамға ұнапты. Ғазиза Ұзақ ««Смс-ная любовь» деген ән есіме түсіп кетті ғой» десе, Анар Мұстафина «Ешқашан кездеспей кеткендерің дұрыс болды» деді. Ай-керім Сматуллаева «Мұндай жағдайды бірінші рет естуім» десе, Өмірбек Сансызбай «Қиялда жүрген ару десеңші» деді. Сарғалдақ Кеңесбай болса «Кездесерсіз! Үміт үзбеңіз!» деп пікір білдірді. 419 көз, 7 пікір.
«0 саны мен үшін» блогында «жазбаларымның пікірлерінің көрсеткіші» деген болатынмын. Сырдың қызы «Бізді нөлге теңепті» деп ренжіді. Сарғалдақ Кеңесбай «0 – шабыт» деп жымиды. 152 көз, 4 пікір.
«Қиял ма әлде шындық па?» блогында Тұрсын Жұртбайдың мақаласынан үзінді жариялағам. Яғни ол мақаланы оқу орнында қалай пайдаланғандығым жөнінде жазғам. 1 адамға ұнапты. Ақ-Ерке Әбілхан ««Оқыған азаматтан» драма жасап шығуға болар ма екен?» деп еді, мен «Әрине, болады! Бүгінгі күні де арамызда «оқыған азаматтар мен азаматшалар» баршылық, қиянатшыл, дүниеқұмар, билікқұмар т.б.» деп жауап берген едім. 246 көз, 2 пікір.
«Мен ҰБТ-ны қалай тапсырғанымды ұмытып қалдым...» блогында ҰБТ-ны қалай тапсырғандығым жөнінде жазғам. 1 адамға ұнаған екен. Сара Сейтжанқызы «Қазақ тілі пәнінен жәқсі екенсіз, ысосын өріс тілі пәнінен» деп пікір жазды. Айка қалыңдық «Көзбояушылықпен тапсырыпсың ғой» десе, Ардақ Құлтай «Ұмытып қалыппын дейсің, құай пәннен қанша алғаныңды – бәрін айтып отырсың ғой» деп пікірін білдірді. 435 көз, 16 пікір.
«Ұяламын...» блогында балалық махаббатым Нұргүл туралы жазған едім. 0 пікір, 82 көз.
«Мен дипломдық жұмысымды қалай ғана жазып жүрмін олай?..» блогында диплом жұмысымды қалай жазғаным турасында жазғам. 72 көз, 0 пікір.
«Өз-өзіңді жақсы көре тұра неге өз-өзіңе жамандық жасайсың?» блогында өз дәрежемде байқап жүрген бір шындығымды жазған болатынмын. 1 адамға ұнаған екен. Сара Сейтжанқызы «Шынында да, бірақ көбіміз мойындағымыз келмейді» деп пікірін жазды. 136 көз, 2 пікір.
«Жүрегім езіліп барады...» блогында «Жүрегім езіліп барады, егер сол қырыммен жатсам деп айтқым келген» деп әзілдеп жазған болатынмын. 1 адамға ұнаған. Шамшырақ Кенбайқызы мәз болып әбден күлгентұғын. 89 көз, 1 пікір.
«Театрға барып жүрмін...» блогында әкемтеатрға барып жүргендігім, бір-екі қойылым жайында жазғам. 91 көз, 0 пікір.
«Мемлекеттік емтиханды қалай тапсырдық өзі?» блогында мемлекеттік емтиханымды қалай тапсырғандығым жөнінде аздап жазғам. Жанар Карим «Емтиханға дайындалып, жақсы баға алғанша ұйқым тыныш болмайды» деп пікір жазған. 134 көз, 1 пікір.
«Қайран, блогтарым...» блогында «Қайран, жазбалар, оһ-һоу! Пікір жазылмас...» деп шағын өлең түрінде әзілдеп жазғам. 2 адамға ұнаған. Сырдың қызы «Оқып үлгермей жатсақ қайтеміз? Сөздеріңнің әзілін де, зілін де байқап отырмыз ғой. «ПіСіП» деп жазбашы» деп пікірінде өтінді. Сатирик Төрехан «Талқыланбақ түгіл танымалына шығармайды ғой» десе, Ақ-Ерке Әбілхан «Көп-көптен жаза бермеңіз, оһ-һоу! Оны ешкім оқымайды, оһ-һоу!» деп қайырды. Ай-керім Сматуллаева «Бұл өлең ба сонда?» деп әбден күлді. 270 көз, 9 пікір.
«Батон мен Кола» блогында сол бір күннің кішкене оқиғасын жазғам. Жанар Карим «Студент пе екен? Мен өзім 2-курстан бастап студенттік өмірдің не екенін сезіндім» деді. 128 көз, 3 пікір.
«Бір белгі үшін осы әнімді арнадым...» блогында «Жанымыздағыларды бағалайық, жамандардан алыстайық, адам күні адаммен, сабырға салып ойланайық» деп аяқтағам. Талғат Халық «Күрессіз беріле саласыз ба? Менімен жүр деп алып кетіңіз» десе, Сарғалдақ Кеңесбай «Жұлдызға барар еді, егер қайда екенін білсе» деді. Ардақ Құлтай «Бәрін де уақыт шешеді, болашақ көрсетеді» деп пікір жазды. 337 көз, 5 пікір.
«Менің сөзім...» блогында мемлекеттік практика кезінде оқушыларыма жазған сөзімді жазғам. 2 адамға ұнамапты. Әлия Іңкәрбек қана «Жанашыр ұстаз деп сізді айтсын» деп пікірін білдірді. 133 көз, 1 пікір.
«Ел іші» деген блогымда «Ел іші» деген әңгімемді жариялағам. Бигелді Темір «Өткен блогтарың өтпеген соң, жантайып жасаған амалың ба?» деп қарқылдап күлсе, Пәленше Түгеншеқызы «Шындыққа жанасатын әңгіме. Әсіресе, адамдардың сөйлесу мәнері» деп басқа қырынан пікір білдірді. 182 көз, 5 пікір.
«Алғашқы және соңғы хат» блогында Нұржақып Тұрсынайға жазған хатымды жариялағам. 2 адамға ұнапты. Гүлжан Серік «Анаған-мынаған деп жұрттың бәріне ғашық болыпсыз ғой» десе, Сарғалдақ Кеңесбай «Мен сені тек бір Жұлдызға ғашық болып, махаббаттың азабы мен бал-шәрбатын ішіп жүр екен десем, сіздің өмір толып тұрған бейкүнә ғашықтық пен ұяң сезімдер екен ғой! Бақытты болшы!» деді. 150 көз, 2 пікір.
«Алақай!» деген блогымда «Тәуелсіздік толғауы» деген конкурсқа қатысатындығым туралы қуанып жазғам. Айгерім Жаңабайқызы «Жолыңыз болып, биіктерден көрінуіңізге тілектеспін!» деді. 108 көз, 4 пікір.
«Күлемін...» блогында өлең жазыппын ақынсымақ болып. «Көрінген көзге ару да, Орныңды сенің баса алмас... Дегенмен, оның орны бар, Жүзімде ғана... Күле алсам, Күлемін... Күле берем, күле жүрем, Тамшыдай жас еш қалман жүрегімде... Күлемін... Күле жүрем, күле берем... Жымиып қана қарайлап кең әлемге...» деп аяқтаппын. Әлия Іңкәрбек «Жарайсыз! Ұнады» деп ұнатты. Қалжан Сапар тек жымиды да қойды. 169 көз, 3 пікір.
«Жалғыз емеспін...» блогында жалғыз еместігім жайында жазғам. Гүлжан Серік «Түсінбедім» десе, Пәленше Түгеншеқызы «Түсіндім» деген. 70 көз, 3 пікір.
«Сан ойлар мазалайды» блогында ішкі тебіренісімді жазғам. Сырласатын адамым жоқ дегенге де келтіргенмін. Пәленше Түгеншеқызы «Досыңыз болмағандықтан шығар. Серуендеу керек, мен де сондай күй кешіп жүрмін» десе, Өмірбек Сансызбай «Адамда ондай сәттер болады, кейде барлығынан бөлектеніп жалғыз қалғың келеді» деді. Сарғалдақ Кеңесбай «Тоқырауға ұшырап тұрған дұрыс» десе, Анар Мұстафина «Мен де кітап оқығым келіп, соны бастай алмай жүрмін» деді. Абылайхан Есімбай «Сіздегідей рухани тоқырау бізде де анда-санда болатынын жасырмаймын» деді. 174 көз, 7 пікір.
«Бізде де бар туған жер топырағы ыстық...» блогында Байқоңыр жайлы жазғам, ескі суреттерін де қосқам. 1 адамға ұнапты. Сырдың қызы «Байқоңырды сағынам» деп пікір жазды. 151 көз, 1 пікір.
«Жазбамның жалғасы...» блогында Байқоңырдың әртүрлі суреттерін қосып, астына нақтылама жазғам. 3 адамға ұнапты. Бигелді Темір «Уау, керемет! Натурофилософия!» деп жазса, Ардақ Құлтай «Мына суреттер топтамаң әдемі ғой» деді. Жадыра Мұсабай «Керемет көріністер», Кербез «Сізге көп рахмет! Байқоңыр жайлы көп білгім кеп жүр еді. Келесіде мәдени ошақтардың суретін жіберіңізші», Нұрзия Атаева «Керемет көріністер, бәрі сұлу», Әлия Іңкәрбек «Әркімнің туған жері өзіне ыстық! Жақсы жазылған, жарайсыз!», Абылайхан Есімбай «Дымы жоқ болса да, бұл жерлер ыстық қой! Климаты мен ауа-райын айтам ыстық деп» деген пікірлерін жазған болатын. 201 көз, 10 пікір.
«Ағайын, ақы жемеңіз!» блогында әкемтеатрдан шыққан соң үйге қалай жеткендігім туралы жазғам. 2 адамға ұнапты. Абылайхан Есімбай «Жалпы, сіздің жазбаларыңыз арасындағы осындай әзілдеріңізбен қатты ұнайды» десе, Сарғалдақ Кеңесбай «Кунг-Фу Панданы көре беріп неңіз бар, Меке?» деп әбден күлді. Сырдың қызы «Желтоқсан көшесімен жүгіретінсің ғой» десе, Ғазиза Ұзақ «Түк түсінбедім» деді. «Мәңгілік бала бейне» жайында жазады деп ойлады. Мақпал Төребекқызы «Күлкіге қарық еттіңіз» десе, Сарғалдақ Кеңесбай жалғап «Түсініп, түсінбей кеттім ғой» деді. Анар Мұстафина «Тақырыбың мен жазбаң, одан қалды ісің бәрі бір-біріне қайшы ғой» деді. 242 көз, 10 пікір.
«Ағайын, ақы жемеңіз! Жалғасы...» блогында тақырыптың мән-мазмұнын ашып жазғам. 39 көз, 0 пікір.
«Жә!» блогында әкемтеатрдағы Айдана деген қызметші қызға деген сезімім турасында жазғам. 53 көз, 0 пікір.
«Акция дейді ғой...» блогында көшеде маған акция қағазы қалай берілгендігі жөнінде жазғам. 1 адамға ұнапты. 2 пікір, 86 көз.
«Менде бір ұсыныс!» блогында драматургиялық ұсынысымды жазғам. Бақытжан Сәрсенұлы «Жасай бер, алға!» десе, Мейіргүл Оңғарова «Осы жолда талмай еңбек етіңіз» деді. Бигелді Темір «Жаса, Жансанов!» десе, Жадыра Мұсабай «Мақсатыңыздың жүзеге асуына тілек білдіремін» деді. Әлия Іңкәрбек «Ұсынысыңыз ұтымды екен» деп пікір жазды. 165 көз, 6 пікір.
«Мен ғашық болған арулар...» блогында өзімнің ғашық болған қыздарымның суреттерін салып қойғам, астына кімнің қайдан екендігін жазғам. 2 адам ұнатып, 1 адам ұнатпапты. Ай-керім Сматуллаева пікірінде «Ақерке Әбілхан» деп жазып, әбден күлді. Себебі Ақерке Әбілхан деген оқушы қыз Массагеттегі Ақ-Ерке Әбілханмен аты-жөндес. Анар Мұстафина «Қыздардың рұқсатынсыз олардың суреттерін мұнда жариялау дұрыс емес» деп жақтырмаса, Абзал Сариев «Ақеркенің жігіті табылды» деп «басқа пәдиезге» кіріп кетті. Каспий Меруерті «Мына жазбаңыз ұят енді» десе, Мейіргүл Оңғарова «Қайсысы қарады енді?» деді. Гүлжан Серік «Жұлдыз бен Дана әдемі екен» деп пікірін білдірді. 265 көз, 8 пікір.
«Құттықтау хат!» блогында барлық массагеттіктерге арнап керемет тілек жазған едім. Сол тілек әлі күнге дейін өз күшінде. 4 адамға ұнапты. Айгерім Жаңабайқызы «Әми, аға!» десе, Сарғалдақ Кеңесбай «Жүрек жарды тілегіңе рахмет» деді. Анар Мұстафина жәй ғана «Рақмет!» деді. Кербез «Ізгі тілектеріңізге көп рахмет!» деп жазса, Гүлжан Серік те рахметін айтты. 194 көз, 5 пікір.
«Жалғыздықтан сағыныш туады...» блогында үйленгім кеп жүргендігін жаздым. 2 адамға ұнапты. Кербез «Үйлендім бізді қуантарсыз» десе, Әбілхайыр Қалдар «Көзді жұмып үйленіп алыңыз» деді. Алия «Жассың ғой» десе, Сарғалдақ Кеңесбай «Сенің шынайы сезімдерді ақтаратыныңа риза болам бар ғой. Тойға шақыруды ұмытпа» деді. 250 көз, 4 пікір.
«Қалайсыңдар?!» блогында Массагетке көптен бері кірмей, енді-енді кіріп, сәлеммен бірге жаңалығымды да аз-кем жазғам. Анар Мұстафина «Драматургтер мен ақындарға жиі ғашық болып тұру керек шығар» десе, Ғазиза Ұзақ «Аман болайық!» деді. Қарлыға Бүйенбай «Арманыңызға жетуіңізге тілектеспін», Ай-керім Сматуллаева «Ол актрисаңыз да қалады ғой бір күні басқалары сияқты. Өмірге шынайы қарауды үйрену керек», Сарғалдақ Кеңесбай «Менің ойым ғой мынау» деген пікірлерін жазды. Жанар Карим «Шығармаларыңды жазуыңа тілектеспін» деді. 138 көз, 11 пікір.
«Менің бір түйген ойым...» блогында драматургия, сын жайында аздап жазғам. 1 адамға ұнапты. Сарғалдақ Кеңесбай «Біраз дүниені нұқып-нұқып түсіндіргендейсің» десе, Ардақ Құлтай ««Сыншы – эмоцияның құлы емес» десең қатып кетер еді» деді. Қарлыға Бүйенбай «Біраз нәрсе түсіндім-ау» десе, Анар Мұстафина ««Ва-банктан» кейін қаншама керемет сериалдар шықты ғой» деді. «Пак Ен Ха, өкінішке орай, қайтыс болып кетті» деп жалғады. 137 көз, 4 пікір.
«Сен маған хат жазуды ұмытпа!..» блогында бүгінгі күннің армиясы жайында жазғам. 1 адамға ұнапты. 95 көз, 7 пікір.
«Жат жерде...» блогында туған жерім туралы, әрі естеліктерді де жазғам. Губа Айдарханова «Балалық шағымды еске ала бергім келеді. Кейінірек күшті қып жазып берем» десе, Абылайхан Есімбай «Жақсы айтылған» деді. Анар Мұстафина «Сенің саусақтарың өзінен-өзі теретін сияқты сөздерді» деп жымиды. Ай-керім Сматуллаева «Айттыңыз ғой, Анар!» деп жымиды. 87 көз, 5 пікір.
«Жек көремін деп айта алмаймын...» блогында кейбір адамдарды жақтырмайтындығым турасында жазғам. 2 адамға ұнапты. Мақпал Төребек «Әбден күліп алдым-ау! Массагеттің тізімінде тәп-тәуір орныңыз бар ғой» деп жазса, Абылайхан Есімбай «Дәрігерлер туралы айтқаның рас» деді. Ай-керім Сматуллаева «Алматылық массагеттіктерге кездесейік дегенге келісемін» деп жымиды. Ардақ Құлтай «Кездесу жайлы мен де ойланып жүрген едім» деді. Анар Мұстафина «Бәрі өз уақытымен ғой және жек көру сияқты негатив сезімдерді бойыңа жинамауға шақырамын» деді. 106 көз, 6 пікір.
«Өз-өзімнен алынған сұхбат!» блогында өз-өзімнен сұхбат алғам. Дарын Керімбек «Не деген ұзақ сұхбат өзі!» десе, Ғазиза Ұзақ «Өзіңіздің журналыңызға жарияланған сұхбат па!» деді. Ай-керім Сматуллаева «Қатырып жіберіпсіз» десе, Айнұр Жәлиева «Сұрақтарды да, жауаптарды да өзіңіз қайырған қызық біртүрлі екен» деді. Мақпал Төребек «Мұңайма, Меке! Барлығы жақсы болады» десе, Жанар Карим «Шығармаларыңызды оқуға құлшынысым артып отыр» деді. Анар Мұстафина «Қызықты сұхбат шығыпты расымен. Драма жазбақшымын, арнамақшымын дейсіз, біреуін бастадыңыз ба әйтеуір?» деп күлімсіреді. 146 көз, 7 пікір.
Мінеки, осы жазған блогтарымның әрқайсысының өзіндік орны бар. «Сәби болғым келеді...» драмасы жазылып жатыр. Ал сұхбат ешқандай да журналда жоқ. Арнайы Массагет үшін жазғам. Ой-пікіріммен бөлісудің бір әдісі ғой! Тағы да айтатын бір нәрсем бар еді...
Өткенде бір кісі «Сенің сәтсіздіктеріңе...» деген тақырыпта бірдеңе жазған еді. Сол жердегі «жігіт емес екен» деп жатқан адамдарыңыз – мен боламын! Әрине, не үшін, қалай екенін түсіндіріп жатқанымнан не пайда! Қалаған адам сыйластығын жалғастырар, қалаған адам «мынау адам емес екен» деп теріс айналып ауылына қайтар. Мен басқа қырынан терең түсіндіріп жазғанымнан ештеңені өзгерте алмаймын. Жігіт болмай-ақ қойдым, бірақ мен – пендемін! Адаммын! Кемшілік іздейтін адам өткенімнен тауып ала берсін!
Мен танымайтын адамды қабыл етсем, онымен әңгімелесер едім. Ал егер әңгімелескім келмесе, жауап жазғым келмесе, мүлдем қабылдамас едім. ВК-да да өз таныстарымды, жауабы бар адамдарды ғана сақтаймын. Мені менсінбейтін, жауабы жоқ адамдарға қайта-қайта жазып, қипақтай бергім келмейді. Кәрім Мәсімовтің өзі Твиттерде отырады. Бір сөзінде «15 минуттан соң жауап жазатын адамдарды түсінбеймін» деген болатын. Диалог деген нәрсе бөлек, ал хат жазу деген нәрсе бір бөлек. ВК-дің де, Майл-дың да өз бағдарламалары бар диалог жазысуға арналған. Ал хат жазысу үшін онлайнда отырудың мән-мағынасы жоқ. Кез келген адамға хат жаз десеңіз, ВК-ға, не болмаса Фэйсбукқа жазып жатпайды. Майл-дың поштасын пайдаланып жазады. Ал диалог жазысатын адамдарға ВК да, Фэйсбук те ыңғайлы. ВК-да «Мои сообщения» дегенді ашқан адам болса, «Диалоги» дегенді көрмеуі мүмкін емес. Соқыр болса, көргісі келмейтін тәкаппар болса, онда көрмейді. Ол желілерде «Сәлем» деп жазып, жауабын екі ай күтіп жүрмейсің. Поштаға хат жазсаң, екі ай күтерсің. Ал әлгіндей желілер диалог жазысуға арналған. Оны «общение» дейді. Осы «общениені» қаламайтын адамдар неге менің достығымды қабылдайтынын әлі күнге дейін түсінбеймін. Менің «общение» жасау үшін достасқым келетіні анық емес пе! Жәрар! Қысқасы, айтпаса сөздің атасы өледі. Тек қана тура қарай бермей, оң жаққа да, сол жаққа да, асты мен үстіге де қараған жөн шығар кез келген мәселеде.
Осы блогты «Зимняя соната» деген корей хикаясынан кейін есімі таныла бастаған корей композиторы Юриманың композицияларын тыңдай отырып жаздым. Юриманың туындылары көптеген корей хикаяларында колданылған. «Зимняя соната» хикаясында Пак Ен Ха басты рөлді сомдаған. Бірақ ол киноны әлі күнге дейін көрмегем. Сонымен қатар Пак Ен Ханың да әндерін, Yarz-тың да бір әнін тыңдап отырып жаздым. Әлі күнге дейін «Ва-банк» хикаясын көремін. Жақында аяқтап бітіргем, жақында қайтадан бастап көрмекшімін. Әлі күнге дейін сондағы саундтрек әндерді сүйіп тыңдаймын. Катарсиске түсем. Ол хикаяға да бір блог арнамақшы едім, уақытында көрерміз.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, мен де бір жұмбақ адаммын! Оны да ойлаңдар!