Мен блог әлеміне қалай келдім???

2007 жыл.

Мен үшін ғаламтор әлемінің есігі ашылды. Иа, кейбіреулер үшін кеш, кейбіреулер үшін ерте шығар... Мен үшін дәл уақыты сияқты :).

Алғашында орыстың чаттарында қаңғып жүріп, бір күні "Солай де" сайтына түсіп қалдым... Міне, сол кезден бастап мен ғаламторды жақсы көрдім. "Солай де" арқылы мен көп нәрсе үйрендім, тақырыптарды талқылау жағынан ол жақта форумда жүретінбіз. Жақсы ортаға, жақсы адамдарға тап болдым. Керемет өмірлік достар таптым. Тіпті, өмірге деген көз қарасым өзгеріп кетті. 


Айналамды тануға, адамдармен араласуға құштар болдым. Өз күнделігінен асып шыға алмайтын маған адамдармен виртуально араласып ашылу көп әсер етті. Алғаш "солайделіктер" мен кездесу барған кезім әлі есімде... 

Ішімде қорқыныш, ойлап қоям "олардың бәрі ақылды, әдемі болса меннен араларынада жалғыз жаман мен болып қалмаймын ба" деп. Ол кезде бар жоғы 21 де едім :). Келдім, аяғым дірілдеп тұр. Келсем өзім сияқты қарапайым қыздар, жігіттер... Бірден бәрімен тіл табысып кетпесем де бәрі ұнады. Мен осылай Айко мен Камшат, Салта, Жанканы тауып алдым. 

Солайде де жүріп, қазақша жазған нәрселерге құмар болдым, интернеттен жанталасып іздеуге шығатынмын. Сөйтіп жүріп, "Ақын... Періште... Махаббат" блогына тап болдым. Онда жазылған өлеңдерді көшіріп алып, солай деге салатынмын. Сөтсемммм, блог авторы сол жердің белді қолданушысы екен :). Солай мен Анаркамен таныстым. Содан, қызығушылық ояна бастады, мен де неге осылай жазбаймын деп. Анар қазнеттегі қыздардың идеалы ғой, ол сияқты жаза алмаспын деп ойлайтынмын көбіне :). 


Солайде де жүріп, Вордпресс ком жайлы біле бастадым. Асхат аға арнайы тақырыптар жазатын блог жайлы, сол кісіні (көп миын жеген кісі шығармын :))) күнде мазалап жүріп "Адасқан блог" деген блог аштым.  Блог ашу маған кәдімгідей қиын болды, түсініп, бірнәрсе жазу қиямет еді. Солай қиналып жүрсем де, блогыма деген махаббатым сөнбеген. Жұмыста мен де доступ болмады, үйден единицаға интернетке кіріп блог жазатынмын. (ақшаны аямаппын да :).) 

Блог- маған ізденіске, жазушылыққа, қызығушылыққа, әлемді басқаша тануға, сараптауға, адамдардың эмоциясын жазба арқылы білуге, білімімді өсіруге көп көмектесті. 


Міне, содан бері 5 жыл болса да әлі бір ретте блог әлемінен алыстаған емеспін. Уақыт өте келе жаңа блогтұғырларда тіркелдім, орысша да блог жүргіздім. "Блог" менің ішкі әлемім сияқты. Құпиямды да, толғанысымды да, қуанышымды да, арманымды да, қайғымды да жазатын күнделігім іспеттес. Күнделік емес, досым жақыным іспеттес. Уақытпен бірге блогтың формасы, аты, орны, өзім өзгерсем де блог жазуға деген махаббатым өзгермепті. Уақытша алыстап кеткен кезімде болды, бірақ бір ғашығымды сағынғандай алып-ұшып қайтып келе берем...

Пы.Сы. Сіз қалай келдіңіз блог әлеміне? Эстафета түрінде жазып жіберсек қалай болады деген ой келді. Онда эстафетаны Анараға бергім келеді. 



Бөлісу: