Мен білетін массагет...

Мен білетін массагет...
жеке
блог

Біз сол баяғы он.кз тен келе жатқан кәрі тарландармыз ғой деп қояйыншы :) 

Былтыр осы уақытта сағат санап, күн санап жарысып, асығып массагеттің ашылуын күткен болатынбыз. Админ қыздардан күнде сұрап, "ол жақта не болады", "он.кз-тен айырмашылығы не?", "жаңа сайт бізге не береді?" деген сияқты сұрақтар астына көміп тастағанымызда жасырын емес...

16- желтоқсан күні сағат 18 00 де үйге әрең қайтқам, массагет қашан ашылады деп бетті жаңалай бергем массагеттің ашылғанын соткамнан көріп "уау" деп таңқалысып, біраз ақтарып та, сын тағып та үлгердік.

Басында 1-2 ай он.кз-мізді қимай қайта-қайта сол жақта тығылып ап, массагетте анау істемейді, мынау істемейді деп лентада жабыла жазатынбыз :). Қазір енді, массагеттен кет десе кеткіміз келмей қалды :). 

Солай ашылған массагетіміз міне 1жасқа келіп, туған күнін тойлайтын жағдайға жетті. Қаншама сыннан өтіп, қазіргі күнде қазақ тілді сайттардың бірегейі екенін дәлелдеп, әр қолданушының сүйікті сайтына айналды. 

Негізі құттықтау туралы конкурсқа қатысам деп басында талпынғам, бірақ жазылып жатқан постарың фантазиясынан ілесе алмай қалдым :). 

Бір жылдан бері массагеттің ауылы кеңейіп, оқырманы көбейіп кетті. Массагет- жәй ғана қарап шығатын сайттардан бір саты жоғары. Себебі, пайдалы ақпараттың бәрі қазақ тілінде және өзің ойламаған жәйттар жөнінде жақсы мағлұматтарды алып жатамыз. Мұндай ақпараттар әрине болашағынан көп үміт күттіретін әр жасөспірімге таптырмайтын қор. 

Массагет сайты және оның қоладынушылары бәрлеріңізді мейрамдарыңызбен құттықтаймын! Әр қашанда пайдалы ақпарат алып, пайдалы блогтар жазып, бір- бірімізбен араласып, достасып таныстығымыз күннен күнге арта берсін! Сүйікті сайтымыз қанатын кеңінен жайып, бізді әрқашанда таңқалдырып, құлпыра берсін!!!