МЕН БАСЫМДЫ АСҚАҚ, БИІК ҰСТАДЫМ
Мен басымды асқақ, биік ұстадым,
Көз жасым жерге құламасын деп.
Жат жылынып, жақыным жыламасын деп,
Күлдірдім тағдыр қыспағын.
Мен басымды асқақ, биік ұстадым,
Шұғыла алуға Күннен батқан,
Арай алуға таңнан атқан,
Сағынышын алып қалуға қайтқан құстардың.
Бұлттан биік,
Төбем көкке тиіп,
Бақытымды іздедім.
Айдан да таппадым,
Күнде де жатпады.
Жұлдыздарда қалды жетім іздерім...
Бақыт деген – өзім екен,
Сәуле шашқан күндей кезім екен.
Бақытыма келіп ұқсағым,
Мен басымды асқақ, биік ұстадым.
Автор: Гүлтас Сайынқызы