еркемін, еркелейтін азаматым бар.
жылаймын, жұбататын жаным бар.
күрсінемін, көңілімді аулайтын тірегім бар.
қуанамын, бөлісетін жарым бар.
кеңесемін, ақылшым бар.
ашуланамын, қайтаратын төсегім бар.
от болып жанамын, шарпитын аймағым бар.
өзендей тасимын, сан сағалы арысым бар.
көлдей көсілемін, келіп қонар аққуым бар.
желдей есемін, асығатын асылым бар.
армандаймын, бірге ұшар серігім бар.
сылқым сұлумын, сүйсіне қарар көздерім бар.
ән айтамын, қосыла шырқар қосағым бар.
әлсізбін, қажырлы қайратым бар.
нәзікпін, жанымда жігерім бар.
сүйіктімін, мен деп соғар жүрегім бар.
Анамын — бұл үшін саған мың алғыс!!!