Мен — әйелмін! Себебі:
жеке
блог
блог
- еркемін, еркелейтін азаматым бар.

- жылаймын, жұбататын жаным бар.

- күрсінемін, көңілімді аулайтын тірегім бар.

- қуанамын, бөлісетін жарым бар.

- кеңесемін, ақылшым бар.

- ашуланамын, қайтаратын төсегім бар.

- от болып жанамын, шарпитын аймағым бар.

- өзендей тасимын, сан сағалы арысым бар.

- көлдей көсілемін, келіп қонар аққуым бар.

- желдей есемін, асығатын асылым бар.

- армандаймын, бірге ұшар серігім бар.

- сылқым сұлумын, сүйсіне қарар көздерім бар.

- ән айтамын, қосыла шырқар қосағым бар.

- әлсізбін, қажырлы қайратым бар.

- нәзікпін, жанымда жігерім бар.

- сүйіктімін, мен деп соғар жүрегім бар.

- Анамын — бұл үшін саған мың алғыс!!!
