Мен асығуды тоқтатқан күн...

Мен асығуды тоқтатқан күн...
жеке
блог

Тынымсыз өмірде өмір сүрген соң әрбір минут санаулы. Әрқашан кестемен жүру керектігін сезініп, экранға қарап, бір жерге жүгіру қажет болады. Өзіңіздің уақытыңызды және назарыңызды бөлгіңіз келсе де, қаншалықты түрлі шаруаны бітіргіңіз келсе де сізге уақыт жетпейді.

Менің өмірімнің ессіз екі жылы осындай  болды. Менің ойларым және істерім электронды ескертулер мен хабарламаларды, толтырылған күнделікті кестелерімді бақылаумен болды. Бар жан тәніммен толған жоспарымды орындайтын уақыт тапқым келсе де, келіспейтін.

Маған кету керек болғанда, ол менің сөмкемнен жылтыраған тәжін іздей бастайды. Маған бес минут бұрын бір жерде болу керек кезде ол көлікте ойыншығына қауіпсіздік бауын байлап беруін сұрайды. Метрода тезірек тамақ жеп алу керек болған кезде, ол әжесіне ұқсайтын үлкен кісінің жанына барып сөйлесу үшін тоқтап қалады. Бір жерге тезірек барып келетін жарты сағатым ғана бар кезде, арбаны тоқтатқызып, жолдағы әрбір итті сипағысы келетіндігін сұрайды.


Бұл қамқорсыз бала әрқашан асығушы маған нағыз сый болатын. Бірақ ол кезде мен оны түсінбедім. Тынымсыз өмірде әлемге көзқарасың тарылады. Сен тек күн тәртібінің тізімін ғана көресін. Тізімге қанат белгісі қойылмаған орын уақытыңды бекерге өткізгендей көрінетін.

Менің балам мені тізімдегі ісімнен көңілімді ауғысы келгенде, менде «Бізде оған уақыт жоқ» сылтауы болды. Сәйкесінше, менің кішкентай өмір сүйгішіме жиі айтатын сөзім «Қанекей, тезірек» болды.
Мен ұсыныстарымды "Қанекей, тезірек, біз кешігеміз" деп бастап, "Егер сен тездетпесең, біз бәрін жіберіп аламыз" сөзінен аяқтайтынмын. Мен күнімді "Тездет, сосын таңғы асыңды іш. Тездетіп киін" деген сөзден бастап, "Тісіңді тездетіп жу, содан соң тездетіп төсегіңе жат" сөзінен аяқтадым.

«Тезірек» және «жылдамырақ» сөздері баламның жылдамдығына әсер етпесе де, мен айта бердім, тіпті, «мен сені сүйемін» сөзінен де көп айттым.

Бір күні бәрі өзгерді. Біз үлкен қызымызды бала бақшадан алып, үйге қайттық. Көліктен түсіп жатырғанбыз. Менің үлкен қызым қалағандай тез болмады, сол кезде ол кіші сіңіліне «Сен қандай жайбасарсың!» деді де, екі қолын айқастырып алып, күрсінді. Сол кезде мен одан өзімді көрдім, жан түршігерлік көрініс болды. Менің көзім ашылды. Өзімнің асығыстығыммен екі балама да зиян келтіріп жүргенімді түсіндім. Менің даусым дірілдеп, балама қарадым да былай дедім: «Мен сені әрдайым асықтырғаным үшін кешірім сұраймын. Сенің асықпайтындығын маған ұнайды, менде сен секілді болғым келеді. Мен енді шыдамдырақ болуға уәде беремін». Екі қызымда маған таңғалып қарап қалды.
Менің сөздік қорымнан «тезірек» сөзін алып тастау оңайға тусті. Алайда жайбасар баланы күтуде шыдамды болу қиынға соқты. Екеумізге де көмектесу үшін бір жерге барар кезде оған жиналуға сәл көбірек уақыт беретін болдым. Біз сонда да кешігетін болдық. Сондай кездері ол кішкентай, өсіп кеткенге дейінгі бірнеше жыл ғана кешігеміз деп өзімді жұбаттым.
Қызыммен серуендеуге немесе дүкенге барғанда, қызымды тез жүргізуге тырыстым. Егер бірнәрсеге қызығып, тоқтап қалса, өзімнің жоспарларымды ойымнан шығаруға тырысып, оны бақыладым. Оның бет әлпетінің өзгеретіндігін, жымиғаннан көзінің қысыңқырайтындығын байқадым. Ол тоқтағанда басқа адамдар онымен сөйлескісі келетіндіктерін байқадым. Ол шыбын-шіркейлерді немесе гүлдерді зерттеп, қарайды. Ол әлемнің сырын бақылаушы, ал ондай бақылаушы біздің тынымсыз әлемде сирек кездесетін әрі таңғажайып сыйлық.
Баяулау туралы уәдемді бергеніме үш жылдай болды. Баяу қарқында өмір сүруге, күнделікті қарбаласқа ілеспей, шынымен де маңызды дүниеге мән беруім үшін өзіме әлі де күш салудамын. Бақытыма орай, менің кіші қызым әрдайым есіме салып тұрады.
Бірде демалыс уақытында біз қызымыз екеуміз велосипедпен балмұздақ алу үшін шықтық. Қызым жеміс мұзын алып, қолындағы мұздан жасалған мұнараға таңғала қарап, шатырдың қасына барып отырды. Кенеттен оның бет әлпетінде «Анашым, мен тездетуім керек пе?» деген қобалжу пайда болды. Көзім жасқа толды. Өткен асығыс өмірдің тыртығы толық жоғалмайды деген мұңды ой келді.
Балам асығу керек па екендігін түсінгісі келіп, маған қарап отырғанда, менде таңдау бар екендігін түсіндім. Солай баламды канша асықтырғанымды ойлаумен мұңайып, отыра беру немесе қазіргі күндері бәрін түсініп, барлығын басқаша жасау керектігін түсініп тырысып жүргенімді мейрамдау. Мен бүгінгі күнмен өмір сүремін деп шештім.
«Асығудың қажеті жоқ. Тек асықпа», - дедім. Оның жүзі жайнап кетті. Екеуміз далада ойнап жүрген балаларға қарап, әңгімелесіп отырдық. Қызым балмұздақтың соңына жетіп қалған кезде соңғы қасығын маған берді. «Анашым, соңғы қасықты сіз үшін сақтап қойдым», - деді. Мен бүлдіршініме аз ғана уақыт бердім... және оның орнына ол маған өзінің соңғы қасығын беріп, өмірмен зымырауды тоқтатсаң, дәм тәттірек, махаббат жиірек келетіндігін түсіндірді.
Енді жеміс мұзын жеу, гүл теру, қауіпсіздік бауын байлау, жұмытрқа жару, теңіз бақалшақтарын іздеу, қызыл қоңыздарды қарау немесе жай ғана серуендеу болсын «Бізде оған уақыт жоқ!» деп айтпаймын. Себебі ол «Бізде Өмір сүру үшін уақыт жоқ» дегенмен тең. Тоқтап, өмірдің күнделікті жай ғана қуаныштарына бөленуді шынымен де өмір сүру деп білемін.

Автор: Rachel Macy Stafford