Мен армандаған мамандық

Мен армандаған мамандық
жеке
блог

Адамның арманы ешқашан алдамасы анық. Менің бала кезімнен армандаған мамандығымды таңдадым. Неге  мен әскери мамандығын таңдадым? Жауабы қарапайым: әскери адамы болған атамның қанынан берілген отанға деген сүйіспеншілік пен және оны қорғау керектігін түсіндім. Бала кезімде сұхбат алып ойнап, бертін келе теледидардан «Ақсауыт», «Айбын» секілді  әскери бағдарламаларды үнемі тамашалайтынмын. Сол кезден бастап әскери журналистканы ұштастыруға болатынын ұқтым. Қызығушылығым одан ары арта түсті. Әлеуметтік желіні шолып отырып 7-ші қараша әскери журналистер күні екенін білдім және де 1929 жылы «Қызыл әскер» республикалық әскери газетінің бірінші номері жарияланған.

Тәуелсіз Қазақстанда Қорғаныс министрінің орталық баспасөз органы «Қазақстан сарбазы» — «Воин Казахстана» газеті болды. Бұл басылымды әр жылдары бас редакторлар Виль Рахманқұлов, Сапарғали Жағыпаров және Серік Қанапиялов басқарды. Газет редакциясы Қазақстандық әскери журналисттердің бірнеше буынын тәрбиелеген нағыз баспасөз мектебіне айналды.

Әскери журналист – бұл ұғымды соғыс уақытында жау оғынан бұқпантайлап қашып жүрген, халыққа ақпарат таратушы әрі тілші маман ретінде танырсыз. Алайда бүгінгі күні шекарасы бекіген, бейбіт мамыражай күн кешкен өз алдына тәуелсіз мемелекеттерде де әскери журналисттердің алар орны ерекше. Бойында асқан батылдық пен тәуекел ерік-жігері бар адам, қару мен қаламын бір саланың бойында ұштастырғаны сөзсіз.

Әскери журналист мамандығын таңдау мақсатым – Отанды қорғау, қақтығыс, төтенше жағдайда, террорлық іс әрекеттер болған жағдайда да халыққа тез әрі сапалы шынайы ақпараттарды жеткізгім келеді. Осы мамандықтың қыры мен сырына үңіліп, қиындығы мен қызығы қатар жүретін ғажайып мамандықты жаңа бір қырынан танытсам деймін. Үнемі ізденісте жүріп, жаңалыққа жаны құмар, еліне жаны ашитын адал журналист болғым келеді. «Сен жанбасаң лапылдап, мен жанбасам лапылдап аспан қайдан ашылмақ» демекші мен де елімнің өркендеуі үшін өз үлесімді қосқым келеді. Бүгінгі күн білімді де талапты біздей жастардың күні. Дәл қазіргі  сәтте өз арманыма деген құштарлық өмір сүруге деген шексіз құштарлығыммен теңдей.

Иә, бұл жол тайғақ, болашағы бұлдыр. Бірақ, ол болашақ менің қолымда, ал қолымда жұдырықтай күш. Бұл менің алғашқы қадамым, себебі әскери журналистика – мен армандаған мамандық.

Нұрмұхаммед Тайыр

Шымкент қаласы,  Әшімжан Ахметов атындағы N61 жалпы орта мектебі