Мен әр күніме қандай керемет өзгерістер енгізе аламын?

Мен бүгінгі күніме қандай керемет өзгерістер енгізе аламын. Жалпы осы қағидаларды ескерсек өміріміз жақсы болады.

Таңғы уақытқа көп көңіл бөлу қажет. Осыған байланысты мамандар әр таң сайын өзіңе мына сұрақтарды қоюға кеңес береді: 

1. Мен өзіме және басқаларға қалай мотивация бере аламын? 

Өз-өзіне мотивация бере алатын адам міндетті түрде жетістікке жетеді. Ал басқаларға ықпал бере алатын адам одан да үлкен жетістіктерге жете алады. Шын мәнінде, барлығымызға да бір ықпал  қажет. Мотивация болмаса адамда құлшыныс та, шабыт та, алдыға қарай ұмтылу да болмас еді. Тек оның уақыты көпке шыдамайды.

2. Менің өмірім жайлы интуициям не дейді? Мен өзім қалаған, дұрыс жолмен келе жатырмын ба? 

Жетістікке жеткен адамдар да осы сұрақты өз-өздеріне күнделікті қойып отырады екен. Өйткені олар жасаған таңдаудың дұрыс екеніне көз жеткізгісі келеді. Қателік жасамайтын адам болмайтыны секілді, әр адамның өзіне осы сұрақтарды қою арқылы таңдаған жолының дұрыс немесе бұрыстығын біле алатыны қандай жақсы!

3. Мен бүгінгі күніме қандай жаңа нәрсе енгізе аламын? 

Ұзақ мерзімді жоспарларды орындауға рутинаның пайдасы көп. Бірақ басқа жағынан алып қарағанда, егер әр күнің бір-біріне ұқсас әрі рутинаға толы болса, онда ми да тек шаблонды идеяларды ұсынатын болады. Сондықтан арасында жаңа хобби түрлерімен айналысып, бұрын оқымаған кітаптарды оқып, өміріңе жаңа нәрселерді енгізуге тырысқаның жөн.

 

 



Бөлісу: