Мен алғаш танысқан басылым ''Айгөлек'' журналы еді.Туған жерім қандай ыстық болса,Айгөлек журналы да сондай ыстық еді.Бұл журналды бала кезімдегі журналистиканың енді қаланып жатырған кірпіші десем де болады.''Айгөлек'' журналын оқу арқылы журналға,кітапқа деген ойым қалыптасты.Кітапханалардан ''Айгөлек'' журналын көрсем жасым есейсе де, сол бала күнгі құлшыныспен,бар махаббат пен ішін ақтарып,бір шолып шығамын.Сол кездегі мендегі сұрақ...
Қазіргі кезде ''Айгөлек'' журналында қандай өзгешеліктер,жаңартулар бар?
''Айгөлек'' журналында балаларға арналған қандай шығармалар,әңгімелер жарияланып жатыр?
Осы іспеттес сұрақтар мені толғандырып, журнал ашуға деген құлшынысымды оятады.
Ендігі ''Айгөлек'' балалар журналының тарихына тоқталсам деймін.2000 жылдың 22 желтоқсан айында 22 беттік журнал болып бастап шығарылды.2010 жылдан бастап 10бет қосылып,қазір 32 беттен тұратын журнал болып саналады.Қазіргі кезде журнал Алматы қаласында ''Лидер офсет'' баспаханасында басылады.Балалар журналында қызықты әңгімелер,оқу,білім,тәрбиеге қатысты шығармалар,логикалық тапсырмалар тағы да басқа шығармалар жарияланып тұрады.Одан бөлек,шығармашылыққа бейім оқушылардың хаттары жарияланып тұрады.
Қазіргі таңда балалар журналын оқитын балалар саны күн санап төмендеп барады.Мұны мен техниканың дамығанынан және халықтың онлайн форматқа көшуі деп білемін.Баланың қалыптасуы,дамуы телефонда емес, кітапта,яғни балалар журналында.Балалар журналында барлық мүмкіншілік қарастырылған.Білімге де,өнерге де қатысты.Тек бала да оқимын деген ниет,құлшыныс болса сол да жеткілікті.