Мен актриса болғым келген…
блог
Сәлем оқырмандар. Мен өзімнің арманымнан бас тартып басқа мамандыққа оқып жатқаным жайлы айтқым келеді. Бұл оқиға меніңше мектеп бітіретін жас түлектерге, мен секілді мамандықты бірден ауыстырған студенттерге қызық деп ойлаймын.
Мен 11сыныпқа көшкен уақытта ата-анам сен мұғалім бол қызға жарасатын өлмейтін мамандық деп үгітеген болатын, ал мен әртіс болам үлкен сахнаға шығамын деп армандадым. Бірақ әкем қарсы болғандықтан, мен қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі болуды шештім. Солай ҰБТ-ға дайындалып сол пәндерді тапсырдым. Өзім қаламағандықтан аз балл алып, грантқа үміткер бола алмайтынымды түсіндім. Сол уақытта өзіме сұрақ қоя бастадым “егер мен грантқа түспесем, егер маған ұнамайтын мамандық болса не үшін түсуім керек?” Осы сұрақпен өзімде іштей қынжылу болды. Сосын ойлана келе грантта түсу жолдарын қарастырып жүргенде ойыма журналисттка мамандығы түсті. Мен жинаған балл жету керек деп ойлағансын бірден үйдегілерге айттым. Оларға ұсынысым ұнады, іштей өзім қуандым бұл шығармашылық жолыма деген бір қадам болғанына.
Жаз айы университеттер грантқа түсетін абитуриенттерді қабылдап жатқан уақыт еді. Әкем екеуміз бар құжатта реттеп, Журналитстиканың отаны- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетке барып, енді көліктен түскелі жатқанда, әкемніі телефонына қоңырау түсті. Қоңырау шалған әпкем екен, ол қазіргі таңда журналистика түрі көп екеннін айтып түсіндіріп жатты. Мен бір университет туралы естідім, Халықаралық диплом аласын жәнеол жерде қазіргі дамып жатқан цифрлық, бизнес журналистикасын оқуғада мүмкіндік бар екенін айтты. Сол кезде мен интернеттен бірден университетті қарадым, маған қызықты болды. Әкеме кеттік сол университетке барайықшы дедім. Солай біз Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне келдік.
Ішке кіргенде бірден жылы жүзді ұстаздарды көріп, сол кісілерге құжаттарды тапсырдық. Осылайша мен сол университеттің “Журналистика және репортер ісі” мамандығына грантқа түстім. Басында университетте оқу қиын болды. Себебі бұл жерде 3 тілде сабақтар өтеді. Бірақ уақыт өте келе қазір осы жоғарғы оқуын таңдағаныма өкінбеймін. Себебі бұл жерде 70% практикамен оқытады, сонымен қатар 1курстан бастап ақ түрлі студияларға апарып білімізді шыңдады.
Сіздерге осы хикая арқылы айтқым келетіні барлық нәрсе өз уақытымен болады. Егер сіз бала кезден танымал адам боламын, шығармашылық жолда ғана өзімді көремін десеңіз, еш мойымаңыз бәрі де уақытымен орындалады.
ХАТУ студенті
Томирис Абдықадыр