Мен АҚШ-қа барғанда... - 2
блог
Осыған дейін өткен жазда өзімнің АҚШ-қа барғанымды, ол жақта сан түрлі қызыққа толы оқиғалардың болғанын жазған едім. Оқырманның сұрауы бойынша бүгін ол жаққа қалай барғанымды баяндамақшымын.
Бұл сапарға мен көпшілігіңізге таныс "Work anf Travel" бағдарламасы бойынша бардым. Бұл студент алмасу бағдарламаларының ішіндегі ең танымалы десек те болады. Мақсаты әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттерге АҚШ-та жұмыс жасап, әрі қыдырып, демалуға мүмкіндік беру. Уақыты жылда әртүрлі, бірақ аса айырмашылығы жоқ, әдетте 4 айға созылады. Ол жаз мезгіліне келіп түседі. Кейде мамырдан қыркүйекке дейін, кей жылдары маусымнан қазанға дейін.
Бұл бағдарламамен АҚШ-қа барам деушілер көп, сол себепті алдын ала Алматы мен Астана қалаларында орналасқан АҚШ елшілігінде сұхбат өтеді. Ағылшын тілінде, әрине. Ол тілді білмесеңіз, мұхит асу мүмкіндігі азаяды. Менің ағылшыншам жақсы деңгейде емес еді, алайда өттім. Жұмысты да таңдап берді. Тіл білу дейгейіме сай. Жалпы, кей нәрсе осы сұхбаттың қалай өтетініне байланысты шешіледі. Жас шамасы шектеулі екенін де айта кеткен жөн шығар. Бұл бірінші кезекте студент алмасу бағдарламасы болғандықтан, мұнда тек студенттер бара алады. Олардың жас шамасы 18-28 жас аралығында болуы керек.
Тағы не айтпақшы едім? А, ақша мәселесі. Барып-қайтуға және басқа да қызметтерге ақша төлейсіз. Бірақ оны жұмыс істеп қайтарып алуыңызға болады. Тіпті, артығымен қайтаратыныңызға сенімдімін!
Әзірге осы. Басқасын өз қалаңызда осы бағдарлама бойынша жұмыс жасайтын мекемеден біле аласыз. Ал ол мекемелерді ғаламтордан табарсыз)))