Мемлекеттік тіл және бақ

Мемлекеттік тіл және бақ

 

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі барша Қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы. Қазақ тілінің мәртебесін өсіру әрбір Қазақстандық азаматтарың өз қолында екендігін ескерген жөн. Ата заңымызда атап көрсетілгендей, 7-бабында: «1. Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік тіл – қазақ тіл. 2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. 3 Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» деп көрсетілген.  Бұл заң «тайға таңба басқандай» -  болып көрсетілгенмен оның қажеттілігін жүрек жанашырлығымен әрбір азамат ұғыну керек. Жақында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келесі оқу жылынан бастап бірінші сыныптар « Әліппе» және «Ана тілі»  сабақтарын оқитындығы туралы хабарлады. Бұл хабарды естіп қатты қуандым. Бала қай тілде білім алса, түбінде сол елге қызмет етеді. Қазақ тілінің мәртебесі,  қоғамдағы қолданыс еудәуір жақсарып келеді. Біз оны жасөспірімдерден байқаймыз. Көшедегі ойнап жүрген ойын баласына көз салыңызшы, орыс баласы қазақ балаларымен қазақша сойлесіп асыр салып ойнап жүргенін көрдім. Ішім жылып, қатты қуанып кеттім. Тіпті қазақша сөйлеп жүрген орыс баласын  жақсы көріп кеттім. Бала қазақ балабақшасына барып, қазақ тілді мектептен білім алса толыққанды қазақ тілін меңгеріп шығары сөзссіз. Тек қоғамдағы қазақ тіліне деген қажеттілікті арттыру керек.

      Менің 2 жасар қарындасым «Балапан» арнасын үзбей көреді. Тілінің жетік шығуына осы телеарна бағдарламаларының бағдары дұрыс болғанына көзім жетті. Бірде маған қарындасым «аға, сіздің мұныңыз дұрыс болмады» - дейді. «Не болды?» - десем. Бас киімді жоғары қою керектігін түсіндіруде. Іштей қатты риза болыдым. Әдеби әдемі сөйлегеніне қарап тамсанып тұрып қалыппын. Бала көргенін көкейге түйетнін тағы ұғындым. Осыдан кейін телеарналарға деген көзқарасым өзгерді. Саралай бастадым. Таза қазақша ақпарат  таратын телеарналарды тізіп шықтым. Қарындасыма тек қазақша арналарды көрсетуді қадағалап жүрмін.

      Үйіммен іргелес орыс көршім бар. Бірде зат сұрап барғанымда «әкемнен сұрашы» - деп кенже баласы үйге кіргізді. Әкесімен амандасым керек затымды сұрап жатып бір байқағаным, ағамыз үйінде Қазақстан Ұлттық телеарнасындағы бір бағдарламаны көріп отыр. Сыртқа шыққан соң баласынан сұрасам, баласы: « әкем көпшілік ортада қазақша сөйлемесе де түсіндеді ғой» - деп қысқа қайырды.

      Жаздың үш айында жергілікті бір мекемеде жұмыс істедім. Әріптестерім қазақ, өзбек, армян ұлттарының азаматтары болды. Бір таң қалған жағдайым, бір-бірімен армян-грузин халқы өзара орыс тілінімен түсініседі. Біздер де орыс тілі арқылы түсінісетінбіз. Бірақ өздері жекелей қалғанда өз тілдерінде сөйлеседі. Қанша өзге тілде сөйлесе де өз тілін білмейтін ұтты көрген жоқпын. Сөз соңында айтарым, Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік тірегі. Білекті де білімді батыр Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» -деген еді. Тілге құрмет елге құрмет екенін ұмытпайық. Бұл тұрғыда Қадыр ақын: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - дейді. Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақ өз үлесін қосуы міндетті.



Бөлісу: