Мемлекеттік қызмет және қызмет көрсету туралы бірер ой

Мемлекеттік қызмет және қызмет көрсету туралы бірер ой
жеке
блог

Германия, Англия, Жапония сықылды елдерде мемлекеттік қызметкерлер туралы халықтың пікірі өте жоғары болғаны соншалық, олар туралы айта бастасаң қарапайым халықтың ойына адал, таза, үлгі-өнеге көрсететін, патриот адамдар елестейді. Демек, қаншалықты пікір жоғары, соншалықты ол елдерде мемлекеттік қызметке өту - қиынның қиыны. Қаншалықты пікір жоғары, соншалықты мемқызметкерлердің жұмыс істеу сапасы, олардың ел алдындағы жауапкершілігі де біршама. Ал, бізде ше??? Иә, мүмкін бізді салыстыруға да келмейтін шығар, себебі біз әлдеқайда жас мемлекетпіз ғой. Дегенменен, болмасақ та ұқсап бағу керек. Бірақ, солай екен деп бізде де бас ал десе, шаш алатын адамдар бар. Барлық жерде алтын ортасын ұстап жүру керек.

Біздегі мемқызметкерлер туралы халық пікірі төмен деңгейде. Біз біріншіден түсінуіміз керек: мемлекеттік қызмет - ең ауыр жұмыс болып табылады. Тіпті, кейбір жастардың 1-2 жылдан кейін шыдай алмай шығып кетіп жататыны сондықтан. Қателеспесем, бізде 100 мыңның үстінде мемқызметкерлер бар. Олардың жалақысының төмендігі, жұмысының ауырлығы, заттардың қымбаттығы, үстіге түскен жауапкершіліктің көптігі оларды сен тимесең , мен тиме болып халыққа жаман көрінетіні рас.ОЛАРҒА БІЗ ҮЛКЕН ТҮСІНІСУШІЛІКПЕН ҚАРАУЫМЫЗ ТИІС. Бірақ, осы жерде бір жақсы жаңалық бар. Елбасы осыдан біршама күн бұрын әкімдердің және тағы басқа қызметкерлердің жалақысын  пайызға көтеру туралы сөз қозғады. Ендігіде, сіз мемлекеттік мекемелердің, әкімшіліктердің есігін теуіп(асыра айтсам кешіріңіздер) кіруге әбден болады. Себебі, олар халықтың қызметшілері. Біз оларға сондай билік беріп, жалақымыздың белгілі бір бөлігінен олар үшін салық беріп, асырап отырмыз.

Ал, ағайын артық кем кеткен жерім болса тағы да кешірім сұраймын!

Соңғы айтарым, мына ссылка арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы Заңды және тағы да басқа пайдалы нәрселерді қарасаңыз өзіңіз үшін жақсы болар еді. http://kyzmet.gov.kz/kzm/page/index.html?pageId=3972