Мемлекеттігімізге - 555 жыл! (Қатесін тап дегендей ме?!)

Қазақ хандығына – 555 жыл! (Қатесін тап дегендей ме?!)

         Елбасымыз Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуын келесі жылы жоғары дәрежеде тойлау жайындағы шешімін жария еткен болатын. Бұл шешім көпшіліктің көңілінен шықты. Біздің мемлекеттілігімізге 550 жыл толды деп мәз-мейрам болып жүрген мен бүгін «Қазақ үні» атты республикалық қоғамдық – саяси апталық газеттің 8 желтоқсанда шыққан нөмірінен «Қазақ мемлекеттігіне – 555 жыл» деген сөздерді байқап қалдым. Ендеше, сол мақаланы сөзбе – сөз көшіріп берейін.

        «... Менің белгілі ғалым інім қазақ хандығының негізі қаланған шақ пен құрылған кезін бір 1465 жылға орайластырып қателесті ме деймін. Қазақтың өз атымен жарыққа шығатын мемлекеттілігінің алғашқы іргетасы Жәнібек пен Керей сұлтандардың қарамақтарындағы жұртын бастап Әбілқайыр хандығынан бөлініп кетуінен, олардың Моғолстан ханы Есен – бұғаның (ол 1462 жылы дүние салған) рұқсатымен Шудың төменгі ағысына қоныстануынан қалана бастады. Бұған ешкім қарсы уәж айтпайтын сияқты.»

       Сонымен қатар «Біз, қазақ ежелден... Өзіңді өзің тану тәжірибесінен» деген Бейбіт Қойшыбаетың жұмысында мемлекеттігіміздің іргетасы 1456 жылы қаланғанын дәйектеуге едәуір көңіл бөлген еді. ... Қазақ мемлекеттігінің негізі қаланғалы 555 жыл болды.» деген де дәйекті пікірлер де жазылған. Авторы: Бейбіт Қойшыбаев.

         Міне, осындай пікірлерден соң шатаспасқа амал не?! Бір білерім, ҚАЗАҚ МЕМЛКЕТТІГІНЕ – БЕС ЖАРЫМ ҒАСЫР!!! 



Бөлісу: