«Меломен» тобы 2007 жылы құрылды. Ал 2008 жылы «Шабыт» музыкалық фестиваліне қатысып, үлкен сахнаға аяқ басқан болатын. «О, махаббат» атты алғашқы әні халық арасына кең тарап, үлкен сұранысқа ие болды. Қазір олар еліміз бойынша концерттік гастрольде жүр.
«Меломен» тобының көп әндері бірден хитке айналды. Жүрегінде иман ұялаған жігіттердің діни бағыттағы бірнеше әндері де халық ішіне кең танылды. Сонымен қатар олар 4 бейнебаян түсіріп үлгерген. «МұзАрт» тобымен бірігіп жазған «Кездескім келеді» атты әнін әр қазақстандықтың ұялы телефонынан кездестіруге болады.
Меломендіктер концерттік бағдарламасын Алматы облысынан бастады. Бірінші концерт кестесі бойынша 13-14 ақпанда Қапшағай, Талдықорған қалалары қамтылды.
Ал топтың Есік қаласындағы нәзік жанды жанкүйерлерінің жолы болды. Себебі олар көктемнің ең гүлді мейрамы 8 наурыз күні Есік қаласында концерттік бағдарлама өткізеді.
«Мейрам жылына бір-ақ рет келеді. Сондықтан біз әр мейрамға арнайы дайындалып, жақсы өткізуге тырысамыз», - дейді «Меломен» тобының жігіттері.
Сонымен, алдымыздағы көктем мейрамы – 8 наурызда бұл топтың қайда болғанын бәріміз білетін болдық!
https://1tv.kz/kk/news/culture/27022012/melomen