Меладзе's

Осыдан біраз бұрын Константин Меладзе бір әйелді көлікпен қағып кетіп, жан тәсілі еткені жайлы хабар естігенмін. Біртүрлі сезімде болдым. Орыс тілін бір адамдай түсінетін біздің буын Костя Меладзенің жазған әндерін, Валерий Меладзені, Виаграны тыңдап өстік қой, несін жасырайық...

Бір қызығы Валерийдің де, Константиннің де музыкалық жоғары білімдері жоқ екен. Кішкентай кезінде Костя Меладзе кинотеатрдан «Огинскийдің Полонезін» қатты ұнатып, анасынан музыка мектебіне беруін сұрайды. Қабылдау комиссиясы да баланың дарындылығына күмән келтіріп, бірақ орын бос болғандықтан скрипка сыныбына қабылдайды. Ал інісі Валерий де ағасының артынан қалмай, фортопианоға жазылады. Кейін, екеуі де кемеқұрастыру институтына түседі. Осы ортада жүріп, ансамбльдерге мүше болады, ал кейін түбегейлі өнер жолына кетеді.

Константин Меладзе кекештеніп сөйлейтінін байқаған шығарсыздар, сол себепті інісін алдыңғы шепке жіберіп, өзі тасада жүргенді ұнататындай көрінетін. Бір сұхбатында ол кекештікке анасының Валераны дүниеге әкелгенде орныққанын айтады. Оған қарайтын ешкім болмаған соң, күтуші әйелдің үйіне келеді екен. Ұйықтап жатқанда үй иелері қатты айқайласып, бір-біріне пышақ лақтыра бастайды. Сол пышақтың біреуі көзін ашып, жаңа оянған Костяның жанына түседі. Содан бері ол мүлде сөйлемей қалыпты. Тек мектепке барар жаста аздап кекештеніп сөйлей бастаған екен. Ол сонымен қатар, "Маған осындай әндерді жазуға осы кекештігім септігін тигізді ма" деп әңгімесін айтады, "Кекештеніп сөйлегендіктен, мен көп адамдармен араласа бермедім, көп кітап оқыдым, өзіммен-өзім отырып ән, музыка жазғанды ұнаттым. Егер жас кезімде орын алған сол стресс болмағанда мен де анам, не әкем сияқты өмір сүрер едім" дейді.

Осы жақында орын алған көлік оқиғасына байланысты, интернетте түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер кінәласа, біреулер қорғап алмақ. Қалай дегенмен де, мыңдаған хит әндердің авторы, халқының қалауы, нағыз өнер майталманы бір адамның өмірін алғанмен мыңдаған адамдарды музыкасымен жанын емдеген, сырын шерткен. Мен оны нағыз музыкант, өз ісінің шебері, білікті продюсер, жалпы айтқанда мықты маман ретінде қатты сыйлаймын. Оның әндері тарихта мәңгі өшпес классикаға айналарына сенімдімін.

Өмір әділетті ғой. Сол әділеттілік Костя Меладзені де айналып өтпесін деп тілеймін. Назарларыңызға Константиннің продюсерлігінде жұмыс істеп келе жатқан Полина Гагаринаның "Спектакль окончен" әнін ұсынамын. Бұл әннің сөзі мен әуенін де Константин Меладзе жазған. Соңғы кездері сүйіп тыңдайтын әндерімнің бірі және осы посты жазуға түрткі болды.  

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/fT8ElbZTGdg","width":"425","height":"350"});



Бөлісу: