Мектептей болған - массагет!

Армысыздар, қадірлеуге лайықты "массагеттіктерім"! Әр блогын осы сөздермен бастайтын арманшыл қыздарыңыз - Араймын ғой! Міне, биікті бағындыруды мақсат ететін талай жас өрендерді бір арнаға біріктірген "Мақсатыңа массагетпен бірге жет" байқауы да өз мәресіне жетті. Алғашында жатырқай аяқ басқан байқаумен қимай қоштасуға тура келеді. Қызығы басым болған байқаудан түйгенім көөп...ұмытпаспын! Әсел Асанова есімді жанашыр әпкедей тәлімгеріміздің арқасында әлі де ұғынып үлгермеген біраз нәрсені үйрендім. Кемеңгерліктер, яғни, кіл белсенді қыздардан құралған құрама сапында болып, жаңа достарым Айсұлу, Айдана, Әсел, Жұлдыз, Ақниет, Бақытнұрмен бірге командамен жұмыс жасауға дағдыландым. Өзгені қайдам, өзім осы әлемнен тыс әлемге, жаңа ғаламға тап келгендей күй кештім...әттең, екі ай бойы жүріп өткен жолымыздан соң, сыртқы есікке сәл-ақ қадам қалды.

Массагет. Байқау. Жаңа достар. Жаңа орта. Бір-бірімен тығыз байланыс орнатқан бұл сөздерде үлкен естелік сақтаулы. Бұйыртса келесі жылғы байқауда да бақ сынасам деймін, ол уақыт орнағанша да блогтарымды үзбеуге тырысамын! Сөзімнің түйініндей келе, барлық массагеттіктеріме алғыс білдіргім келеді. Қатысушылар мен өзге оқырмандарға, тәлімгерлер мен ұйымдастырушыларға мың да бір рақмет! Байқау барысындағы тамаша әсерімді жеткізер сөз таба алмай отырғаным...жә, осыдан тоқтайын. Келесі кездескенше, қадірлеуге лайықты массагеттіктерім!



Бөлісу: