Мектеп – білімнің алтын ордасы. Әлемдегі барша балалардың балалық балғын шағының куәгері, өмір жолының бастауын бойына сіңіретін білімнен салынған сарай.
Орта білім ордалары бұлақтың бастауындай, білімнің де бастауы екені даусыз. Яғни, ол - әр елдің болашағын жасаушы, келешек ел қорғандарын тәрбиелеуші. Кез келген елде бастапқы білімнің алатын орны зор. Сондықтан да барлығы да балаларға жан-жақты жақсы білім беруге тырысады. Орта білім жүйесін дамытып, мықты білім беруге талпынады.
Міне, осы білімнің алтын кеніші жайлы өзімнің студенттік зерттеуімді жасамақпын.
Шыр етіп өмір есігін ашқан әр бала, тәй-тәйлеп жүре бастағаннан бастап, айналасындағылардың жамырай мектепке бара жатқанын көріп, мектепке деген ынтызарлығы ояна бастайды. Оны 4-5 жасар балалардың маған «сөмке әпер, қалам әпер, сабаққа қашан барамын» деп жататынынан байқауға болады.
Бастауыш мектептен бастағым келіп отыр. Бастауыш мектеп нағыз баланың балшықтай босап тұрған шағы. Ұстаз қалай мыжса және қандай көркем зат жасағысы келіп көркемдесе, сол дүниені жасай алады. Бір ұстаздардың ұстанымы ұрсу. Ұрсу арқылы тәрбиелегісі келеді. Ол дұрыс шығар. Білім алады, айтқанынан шықпайды, тапсырманың бәрін жасайды. Дегенмен кері жағы жаңа ғана мектеп табалдырығын аттаған жуас бала апайдың ұсысқанын естісе шошынып қалып, апайда қорыққанынан сабақ айта алмай қалады. Ондай оқушыларды көргенмін. Ұстазы қатты ұрысқаннан кейін сабақ айта алмайды. Тақтаға шыққанда тіпті оқып келгенінің барлығын ұмытып қалады. Негізі бастауыш мұғалімі қандай болса, оқушылары да сондай болып шығады екен. Жас бала кез келген дүниені тез қабылдайды. Апайының мінезін өздеріне сіңіріп алады. Апай жуас болса, оқушылары да жуас, пысық болса оқушылары да пысық болады.
Осы 1-2 жылдың көлемінде бұрынна келе жатқан әліппенің орнына «сауат ашуды» енгізді. Оның ішін ашып қалсаң әріптері шашылып жүр. Әріптерінің орналасу әр түрлі. Әлі өтілмеген у әрпі ж әрпін өтіп жатқанда жазылып тұарды мысалда. Оны апайы түсіндіреді. Дегенмен балаға қиын тиеді.
1 сыныптың ата-анасынан сұрағанымда «жаңа дәптер сатып аламыз. Оны әр 1, 2 номердері бар. Әр сабағынан бірінші дәптері мен кітабын алып бітсең, екінші дәптерін алуға тура келеді. Ал ол дәптердің әрқайсысының бағасы 2000 тг. Оны әр біткен сайын ауыстырып отыратының бар, кітабы бар, біраз ақшаң шығып кетеді.» дейді.
Егер 5-7 баласы бар үйлер бараларына кітаптары мен дәптерлерін қалай алып беріп жатыр. Кей отбасыларда 1 ғана адам жұмыс жасайды. Тіпті жұмыс жасамайтын, 1 мемлекеттен алатын көмегіне өмір сүріп жатқан отбасылар да бар. Олар не істейді. Оларға бұл дәптердің қолына тимейтіні. Себебі ақшасы онсыз да ішіп-жеміне әрең жететін үйде қайдағы 2000 теңгеге дәптер сатып алу. Ол балалар әйтеуір, үйтіп-бүйтіп «3-ке» оқып шығатын болып тұр ғой. Ал басынан бастап 3-пен оқитын бала ары қарай оқығысы келмейді. Одан кейін тағы да білімсіз жастардың қатары өсе береді.
Жоғарғы сыныптарда мектептердегі білім жүйесі де өзгерді. Мектепте балалар еркін болуы керек. Өздері оқып, өздері бір-біріне түсіндіруі керек деген жүйемен оқытады. Дөңгелек үстел басына отырып алып, сабаққа қатысы жоқ тақырыпта әңгіме қозғайды. Ойын ойнатады. Сол арады сабақ оқуға берілген 45 минут зырғып өтіп кетеді. Егер мұғалім бір сәт балаға түсіндірмесе, жаңа ғана өтіп жатқан сабақты оқушы қалай өзінен өзі түсіінп кетеді. Мақұл тарих, биология, география сынды сабақтарды оқып алып түсінуге болады. Ережесі бар алгебра мен геометрия, қазақ тілі, орыс тілі, химия, физика сынды сабақтарды апай түсіндірмесе, оқушы «гений» болмаса оны өздігінен ұғып кете алмайды.
Осы жүйенің арқасында мықты білім алып келе жатыр деген үздік оқушының өзінде кейде оңай дүниені білмей жатады. Оның себебі апайы толық түсіндірмеген, ке кітапта жазылмайтын тұстарын айтпаған. Содан барып оқушылардың білгенінен білмегендері біртіндеп жинала береді.
Мектептің мұғалімдерін қағаз бастылыққа салып қойған. Күндіз-түні жатпай мұғалімдер құжат толтырады. Оқушылар тоқсандық демалысқа кеткеннің өзінде мұғалімдер демалмай жұмыс жасайды. Азаннан қара кешке дейін мектепте сабақ береді, содан келіп үйін жайғастырады. Бәрін жасап болғаннан кейін барып, түні бойы жоспарларын толтырады. Сөйтіп жүрген ұстаздар ертесіне қалай шаршамай сабақ береді. Құжаттарды жазбаса тағы болмайды, күнделікті қол қойдырып, сабақ өте беруге рұқсатт алу керек. Сырттан тексеріс келіп қалса, қат-қабат қағаздары дайын болу керек. Ол болмаса сөгіс алады. Соны болдырмауға жанталасып әлек болады. Дегенмен жаңа білім жүйесінде жұмыс жасау мұғалімдерге оңай болуда. Сабағына кіре сала балаларды сөйлетіп қойып, дем алып отыра салады. Негізінен бұрыннан бері сабақ беріп келе жатқан ұстаздар баяғыша түсіндіру жұмыстарын жасай береді. Олардың қанына сіңіп қалған қасиет, оны тастап жаңа жүйеге икемделе алмай жүр.
Негізінен жаңа жүйенің жақсы тұстары мол, десе де оны дұрыстап елге лайықты етіп жасап шығара алмай жатыр. Тек «копировать – вставить» деп қойып қойды. Ендігі кезекте сол мәселердің шешімі тұр.