Мектептен кейінгі университет таңдау мәселесі......
блог
Дәл қазіргі уақыт біз, яғни түлектер үшін маңызды да, жауапты сәт.Мектеп табалдырығын «тоздырып» үлкен өмірге қадам басқалы отырған әрбір оқушыны «Қандай мамандық таңдаймын?», «Жоғарғы оқу орнын қалай таңдаймын?» деген сияқты сауалдар мазалары айқын.Әрине, университет таңдау мәселесіне ертеректен көңіл бөлген жөн.Себебі, сол университеттің студенті атану үшін, сол мақсатқа жетуге көп еңбектенеміз, ұмтыламыз.
«Арманы бар адамның
Бойында қайнар қуаты,
Алдында жанар мұраты»- деп халық айтқандай нақты алдыға қойған мақсаты бар адамның сол мұратқа жетпей қоймасы анық. Ал, мақсат болмаған жерде даму да, ұмтылу да , нәтиже де жоқ.
Біреулер мемлекеттік білім ордасына жүгінсе, бірі жекеменшік университеттерге баруды жөн санайды.Қазіргі таңда мемлекетте ЖОО-ның саны өте көп, сондықтан солардың ішінен адаспай, ең қажетті таңдап алу оңай шаруа емес.
Менде де университет таңдау проблемасы болған-ды,сол тұста маған көп көмек болған –ғаламтор ақпараты және университеттердегі ашық есік күндері. Әлі де ойыма сенімсіз келер төрт жылдық студенттік өмірді қалай және қай жерде өткізетінін білмейтін түлектер арамызда баршылық.Міне осындай мектеп бітірушілерге қандай-да бір көмек көрсетпек мақсатында айтатын болсам sdumedia.kz сайты бес алғышарт бойынша таңдау жасауды ұсынады . Бес алғышарт төмендегі бес сұраққа жауап беруі қажет.
1.Университет қай жерде орналасқан?
2.Оқу құны
3.Сіздің мамандығынызды бітіруші тулектің қорытынды ойы қандай?
4.Қандай ұстаздар, профессорлар сабақ беруде?
5.Студенттік өмір қаншалықты қызық ? Қандай депортаментке мүше болғым келеді?
Сіздің ойыңыздағы университет бұл сұрақтарды қанағаттандыратын болса, сенімді түрде таңдай беруінізге болады.Айта кетерлік жайттың бірі , Біздің елімізге ЖОО-ның таңдағанда 4 университетке дейін таңдауға құқығымыз бар. Біз үшін жасалған тағы бір мүмкіндік , яғни, біз барлық нұсқаны да қарастырып көруіміз керек. Сол мүмкіндіктердің бірі бәрімізге белгілі «Серпін-2050»,»Болашақ»деген сияқты бағдарламаларға да жол ашық.
«Жеті рет ойлап, бір рет кес» демекші, мың ойлана шешім қабылдаған жөн, себебі, сіздің болашақ өміріңіз , осы жолғы таңдаумен тығыз байланысты.Болашақ-өзіміздің қолымызда.....