"Сәнқойлық" біреуге арман, ал біреуге жалған бетбастырық. Жалған дүниемен өмір сүру, өкінішке орай көпті жаулап алды...
Біз не айтқымыз келіп отыр һәм не себепті Сәнқойлық тақырыбын қозғап отырмыз?! Бірге саралайық.
Сәнқойлық сөзін ести сала, барлығымыздың көз алдымызға ерекше киімдерін жарнамалап, стандартты бейнесін көрсететін модель қыздар еске түсуі мүмкін, алайда біз *Сәнқой* деп, мектебіміздегі боянуға құмарлы , киім киісі тым арлы болып келетін, шаштарын жайып , құдды бір өздерін "Әлем Ханшайымы" сезінетін, мейк ап оқушылар туралы қозғағымыз келіп отыр. Қоғам, әрине, жат деп көрмейтін Сәнқойлық , білім ордасында қатаң тыйым екенін білесізбе? Білім ордасында ғана емес, еліміздің кез келген мәдениет орнында бояну, шаш жаю, қысқалы етекті киім кию ерекше талаппен тыйымда. Қазақ қыз баласына жат болып келетін бұл істі қалай тоқтатамыз, тоқтату мүмкін бе?
Мектеп әкімшілігі қолынан келер шараны іске асыруда. Шама қарқыны жетістікке жетуде. Бірақ елемей жатқандар қаншама. Турасын айтайық: Құрметті, қыздар! - деп бастадық сөзімізді,
айтатын уәжіміз бар ұзын ізді,
Боянбай, сыланбай жүрейікші,
Күнде бір айтпайықшы жырымызды.
Сәнқойлық керек әттең бәрімізге,
Тәнті қып, талайларды өзімізге.
Табиғи сұлулыққа жетпес бірақ,
Алланың бере салған бейнемізге.
Боянбай жүрсеңізде болады ғой,
Бұйырған адамыңыз әйтеуір іздеп табады ғой.
Жат бір қылықты қояйықшы,
Білімге бет бұрып жүрсекте жарайды ғой.
Иә, қара сөзбен емес, кішігірім өлең жолдарымен жеткізгіміз келгені осы, әсіресе, бетке тура айтсақ, әрине, көпке топырақ шашпаймыз, сондада кейбір окушы қыздардың құлақтарына алтын сырға, бет әлпетімізді дұрыстайықшы!
Бантик тағып, оқушы кейіпіне келулеріңізге шын жүректен тілектеспіз!
Біздің ұранымыз "Табиғи сұлулық"! Сонымен солай дейік һәм солай боларына шын жүрекпен сенейік! Иә, сенейікші, артық кетсек, кешірім сұраймыз, біз дұрыс жол сілтедік.