Мектептегі қызықтар. Эстафета!

Мектептегі қызықтар. Эстафета!
жеке
блог

Жалпы менің мектептегі қызықтарым аса есімде жоқ. Тіпті, суреткеде түспеген екенмін. Түскеннің өзінде де, өртеп тастайтынмын. Жазба қызықсыз болса ренжімеңіздер!

Ал бастайын,

Бастауыш кезімді қыздар болып ұрысатынбыз. Мен ол ұрысқа қатыспайтынмын. Бірде сабақтан қайтып бара жатқанда қыздар болып ұрыстық. Менде қосыла кеттім. Ертеңіне әлгі ұрысты бастап жүрген қызыдың мамасы мектепте келді. Өзі мұғалім болатын. Әлгі қыз "мынау, мынау, маған ұрысқан " деп апай мен мамасына айтып берді. Апайымыз, аталған қыздарға былай деп ұрысты: Үйлеріңе хабарласам, шешелеріңе айтам. Бірдеңе, бірдеңе" деген әйтеуір. Кешке үйге келдік. Апай хабарласа ма деп үркіп жүрмін. Бар ойыма келгені, телефонды суырып тастау. Солай жасадым да. Мама көріп ұрысады да, қайта қосып қояды. Ал, мен қайтадан сөндіріп тастаймын. Одан кейін ондай ұрыстарға араласпайтын болдым.

Тағы не айтсам екен.

МММ...... А, Айтпақшы со бастауыш кезімізде көршіміздің баласы үйленетін болды. Біз сабаққа кеттік. Сабақта отырып Күнсая екеуміздің әлгі тойға барғымыз келді. Қарныңа бірдеңелер барады ғой. Сөйтіп, Күнсая екеуміз апайға барып: "Мама, сабақтан сұранып келіңдер" деп айтты дедік. Апай жіберді. Үйге келдік. Мама: неге ерте келдіңдер? деп сұрады. Біз саспастан "апай болған жоқ, сосын бізді қайтарып жіберді" деп жауап бергенсің ғо. ЕНді қорқып жүреміз. Ауыл болғаннан кейін, мама мен апай бір-бірін таниды ғой. Мама сұрап жүрмей ме апайдан деп қорыққанымыз бар.

 

Ұят-ай, не айтарымды білмей отырмын.

ААА, Бала кезімнен ән-би айтамын кештерде. Сондай бір кештердің бірінде Күнсая екеуміз ән айтқанбыз. Екеумізде лағып, әннің 1 жолын айтпай, қайырмасында 1 жолын айтып, ал 2 жолын айтатын кезде қайырмасын айтып қуған жағдайымыз бар. Сондағы қызарғанымды көрсеңіздер. Бірде жаңа жылда қазақ би билейтін болдым да. Сөйтіп, жаңа жылға қазақ көйлекпен қатысқанмын. Басынан аяғына дейін кеште қазақ көйлек киіп жүрдім ғой. Қазір  ойласам, өзіме өзім күлемін.

 

Міне, осындй , осындай қызықтарға батқанбыз. Қазір 10 сынып оқып жатырмын. Иншаллах талай қызықтарды сіздербен бөлісетін боламын.

Эстафета таяқшасын Өзімнің Аянам, Массагеттің Есл еркесі, жалпы Агерім Жаңабайқызына беремін. Айгерім күттірмей жазшы аха.

PS: Менің жазбаларымды қарап отсаңыз, тек қана эстафета, кезексөз жазбалар. ЕНді менің шкі толғаныстарым жайында, мағыналы посттар оқи аласыздар! Көп жоғалып кеткенімді білемін. ЕНді мұндай жағдайды болдырмауға тырысамын.