Мектептегі қызықтар
блог
Мектеп табалдырығын аттап өміріңнің жаңа кезеңін бастағанға шіркін,не жетсін.Достар табасын,балалық махаббатты бастан кешіресің.Мектепте өмір бойы жүре беріп қызығы мен шыжығын көргің келеді.Бірақ 11 жылың зыр етіп өтеді де кетеді.Осы алтын уақытты білімге арнап,достарың мен ұстаздарыңның ыстық ықыласына бөленіп жүрудің өзі үлкен бақыт.Мектептегі қызықтармен бөліскелі отырмын,мүмкін бұл қызықтарда сенің басыңнан өткен шығар
1)Журналда бірінші тұрған оқушы үнемі қорқынышта болады.Себебін өздеріңіз де білесіздер.
2)Сыныпқа жаңа оқушы келгенде,оны менсінбей өзінше болып жүреміз.
3)Старостыға бағынбай,өз еркімізбен кететін кездер болады.
4)Бақылау, тест жұмыстарында үздіктерге сенеміз.
5)оқымайтын оқушыларға үнемі мұғалімдер Сен негізі оқитын баласың бірақ еріншексің деп міндетті түрде айтады
6)Сабақта апай үй жұмысын беруді ұмытып кеткенде апайдан үй жұмысын сұрайтын бір оқушы табылады.
7)Сабаққа барсаң қашқың келеді,бармасаң бір қызықтан қалғандай боласың.
8)Оқушылардың жек көретін уақыты 7:00
9)Қыздардың қаруы:апайға айтам!
10)Үнемі сабақтың аяқталуын қарап отыратын бір сыныптасың табылады
11)Тест орындағанда сыныптастарыңның 80 пайызы алма кетті доамалап...
12)Дш-да денеге қатыспайтын оқушы барлық телефондарды ұстап отырады
13)Cыныбыңда ақын оқушылар табылады
14)Тақтаға шығып есеп шығара алмай тұрғанда жазғанымды бояп тұратын тек мен ғана ма?